Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

1996 жыл, 26 қаңтар. Бұл жыл ең әуелі ел руханиятында Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойымен есте қалды. Осы күні Елбасы Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен барып, Жамбыл ауданындағы Ж.Жабаев атындағы мемлекеттік мұражай кешенін аралап шықты.

1996 жыл, 19 ақпан. ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР Сыртқы істер министрлігі алқасы құрылды. ҚР СІМ Алқасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы кеңестік орган болып табылады.

1996 жыл, 5 наурыз. Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында көркем экспозиция болып өтті. Көрмеге елімізге танымал суретшілермен қатар өнер жолына енді қадам басқан жас талапкерлер болып жалпы 43 суретшінің туындысы қатысты. Экскурсия аяқталған соң белгілі суретші Е.С. Айтуаров мемлекет басшысына өзінің Абай Құнанбайұлын бейнелеген «Халық ақыны» туындысын сыйға тартты.

1996 жыл, 3 сәуір. Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тарихи халықтық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.

1996 жыл, 18 мамыр. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов мерейлі 60 жасқа толды. Осы орайда ақынға «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Мемлекет басшысы Алматы қаласында өткен Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығына және оның шығармашылығына арналған салтанатты кешке арнайы келіп қатынасты. Құттықтау сөзінде Н.Ә.Назарбаев мерейтой иесінің Қазақстанның емес, сонымен қатар әлемдік поэзия мен мәдениет қазынасына қосқан зор үлесін атап өтті.

1996 жыл, 25 мамыр. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

1996 жылы,7 маусым. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 50 жылдығына арналған мерейтойлық сессия өтті. Сессияға арнаулы қатынасқан мемлекет басшысы ғылым ордасын жартығасырлық торқалы тойымен құттықтады. Отандық ғылымды дамытып, ұрпақтар игілігі мен мемлекет тұтастығы үшін қызымет етіп отырған ғалымдарға, тұтас шығармашыл ұжымға сәттілік тіледі.

1996 жыл, 13 маусым. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының бұрынғы президенті, академик Ш.Ш. Шокин «Халық қаһарманы» құрметті атағы мен алтын жұлдызды «Отан» орденімен марапатталды.

1996 жыл, 14 тамыз. АҚШ-тың Атланта қаласында өткен ХХVІ жазғы Олимпияда ойындарында, еліміз спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медал алып ел мерейін асырып қайтты. Жетістікке жеткен спортшылар «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталды.

1996 жыл, 21 тамыз. Алматы қаласында ХХ ғасырдың Гомері атанға Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы – Ғылым министрлігінің мерейтойлық ғылыми сессиясы ашылды.

1996 жыл, 23 тамыз. Мемлекет басшысы Алматы қаласында Қырғыз Республикасының президенті А.Ақаевпен және Өзбекстан Республикасының президенті И.Каримовпен бірге Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты. Бауырлас үш елдің мемлекет басшылары Алматы қаласында Ж.Жабаевтың ескерткішін ашу рәсіміне және Республика сарайында өткен салтанатты мерекелік шараға қатысты.

1996 жыл, 10 қыркүйек. ҚР Үкіметі қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы дипломатиялық мектебі (Диломатиялық Академия) құрылды.

1996 жыл, 30 қыркүйек. Қазақстан ядролық сынақтарға тегіс тыйым салу келісім шартына қол қойды.

1996 жыл, 21 қараша. Алматы қаласында «Қазақ тілі» халқаралық қоғамының ІІІ құрылтайы өтті. «Қазақ тілі» қоғамы сол жылдардан тартып, күні бүгінге дейін ел іші-сыртындағы тілдік, елдік, мәдени, рухани мәселелердің бас-аяғында жүрген бірегей халқаралық ұйым екенін дәлелдеп келе жатқан ұйым.

1996 жыл, 15 желтоқсан. Мемлекет басшысы өзінің Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай бір топ мемлекет және өнер қайраткерлерін марапаттады. Халқымыздың бұлбұл көмей әншісі Роза Бағланова мен желтоқсан оқиғасында шейіт болған Қайрат Ырысқұлбековке «Халық Қаһарманы» құрметті атағын берілді. Сонымен қатар желтоқсаншы Қайрат Ырысқұлбековтың анас Д.Асанбаеваға алтын жұлдызды «Отан» ордені табыс етілді. Сондай-ақ «Отан» орденімен Ш.Бекболатов, Б.Досымжанов, Ә.Қайдаров марапатталды. «Парасат» ордені Ә.Дінішев, К.Кенжетаев, Қ.Тоқаев сынды тұлғаларымызға табыс етілді.

1996 жыл, 16 желтоқсан. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирелмен бірге Алматы қаласында өткен Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты. Осы күні еліміз Тәуелсіздігінің бес жылдық құрметіне орай Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументі ескерткіші ашылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close