Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

Тәуелсіздік тарихында 1997 жылдың да алар орны ерекше болды. Осы жылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жариялады.

1997 жыл, 11 шілде. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.

1997 жыл, 1 қазан. Президент халыққа тұңғыш Жолдауын жолдады. Жолдау Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясына арналып, бұның өзі ұлтымыздың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. «Қазақстан-2030» стратегиясы — шын мәнісінде тарихи оқиға, тарихи меже болып қалыптасты.

1997 жыл, 8 қараша. Мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.

1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. 220 Әкімшілік ауданның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close