ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ
1998 жылы 21 қаңтар — ҚР Президенті Н.Назарбаев Мәскеуде «Төртеудің шартына» (Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей) қатысушы елдердің көшбасшыларының кездесуіне қатысты.
1998 жылы 30 қантар — 2 ақпан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Дауоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Елбасы форумда Каспий теңізінің көмірсутегі шикізатын игеру және тасымалдау мәселелері жөнінде баяндама жасады;
1998 жылы 13 ақпан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос І-мен кездесті. Президент Н. Назарбаев Испания Королін Қазақстандағы реформалардың барысымен және еліміз дамуының болашағымен таныстырды;
1998 жылы 12 наурыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Президенті Н.Багабандимен кездесті. Президент сарайының Салтанат залында екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі болды;
1998 жылы 26 наурыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ташкентте өткен Орта Азия мемлекет басшылары саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесінде Орта Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы Ташкенттік декларация (СПЕКА) қабылданды;
1998 жылы 9-10 сәуір — ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барды. Ресей Президенті Б.Ельцинмен кездесу барысында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін талқылады;
1998 жылы 15 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бельгия Премьер-министрі Жан-Люк Деанмен кездесті;
1998 жылы 28-29 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «4+N» саммитіне және ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты;
1998 жылы 6 мамыр — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы — Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды.
1998 жылы 3 шілде — Астанада Шанхай және Мәскеу келісіміне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында Шекара аймағындағы әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы Шанхай және Шекара аймағындағы қарулы күштерді азайту туралы Мәскеу келісімдерінің орындалу барысын талқылады;
1998 жылы 4 шілде — Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминь Қазақстан-Қытай шекарасы туралы қосымша келісімшартқа қол қойды;
1998 жылы 6 шілде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Н.Ә.Назарбаев Ресей Президенті Б.Ельцинмен және Премьер-министр С.Кириенкомен кездесті;
1998 жылы 22 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Италияға ресми сапармен барды. Келісімге қол қойылғаннан кейін таратылған Ватиканның ресми мәлімдемесінде аталған келісімді жасасу «тарихи оқиға» деп аталды;
1998 жылы 28 қыркүйек — ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-ші сессиясында сөз сөйледі. Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы К.Аннанмен, АҚШ Президентінің Каспий теңізінің энергоресурстарын игеру жөніндегі кеңесшісі Р.Морнингстармен, Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Т.Зулфугаровпен, Вьетнамның — Нгуен Манх Каммен, Иранның — К.Харразимен, Кипрдің — И.Касулидеспен, Кувейттің — С.Ас-Сабахпен, Сингапурдың — С.Жаякумармен, Филиппиннің — Л.Сиазанмен, Ауғанстанның Сыртқы істер вице-министрі — А.Абдулламен, Үндістанның Мемлекеттік министрі — В.Раджемен кездесті.
1998 жылы 29 қазан — Анкарада Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев, Әзербайжан — Г.Алиев, Грузия — Э.Шеварнадзе, Өзбекстан — И.Кәрімов, Түркия — С.Демирель Каспийлік және Орта-Азиялық мұнайды әлемдік нарыққа «Восток-Запад» дәлізі арқылы тасымалдау туралы декларацияға қол қойды;
1998 жылы 30-31 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Өзбекстан Президентімен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды;
1998 жылы 2 желтоқсан — Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
1998 жылы 22 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға қол қойды.