ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ
2000 жылы 5 қаңтар — Алматыда Орталық Азия мемлекет басшыларының Экономикалық коғамдастығының бірінші саммиті өтті.
2000 жылы 30 қаңтар — Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен әкімдердің республикалық кеңесі өтті.
2000 жылы 23-25 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Арменияға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Армения Президенті Р.Кочарянмен келіссөздер жүргізді;
2000 жылы 14-15 маусым — Шанхайда «Шанхай бестігі» елдерінің алтыншы саммиті өтті.
2000 жылы 24 шілде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Сапар барысында екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады;
2000 жылы 1 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративті Республикасына келді;
2000 жылы 29 қараша — Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің табанын бөлу туралы келісімшартқа қол қойылды;
2000 жылы 16 желтоқсан — Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Онда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі;
2000 жылы 18-21 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды;
2001 жылы 30 қаңтар — Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен әкімдердің республикалық кеңесі өтті.
2001 жылы 20 ақпан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Куала-Лумпурде Малайзия Премьер-министрі М.Мохамадпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастық және халықаралық мәселелер аясында сөз қозғады;
2001 жылы 3 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Литва Республикасына ресми сапар шекті. Ол Литва Президенті В.Адамкуспен, Премьер-министрі Р.Паксаспен келіссөздер жүргізді;
2001 жылы 12 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкімет мүшелерімен, облыс әкімдерімен кеңес өткізді;
2001 жылы 1 маусым — Минскіде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттер басшыларының мәжілісі өтті;
2001 жылы 18-19 шілде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Хорватия Республикасына тұңғыш рет ресми сапар жасады.
2001 жылы 5 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға жеке сапармен келген Испания Королі Хуан Карлос І қабылдады;
2001 жылы 1 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративті Республикасына келді;
2001 жылы 29 қараша — Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің табанын бөлу туралы келісімшартқа қол қойылды;
2001 жылы 18-21 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды;
2002 жылы 22 қаңтар — ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесуі барысында ЕурАзЭҚ қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланды;
2002 жылы 28 ақпан — Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылуы туралы шартқа қол қойды;
2002 жылы 25-27 сәуір — Алматы қаласында бірінші Еуразиялық медиафорум болып өтті. Бұл форумға әлемнің 30 елінен келген жетекші ақпараттық агенттіктердің 200-ге жуық журналистері қатысты.
2002 жылы 7 наурыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;
2002 жылы 26 наурыз — Вашингтон Қазақстанға нарықтық экономикалы мемлекет мәртебесін беру туралы мәліметті хабарлады. Мұндай мәртебе беру елімізге инвесторларды тартуға мол мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл республикамыздың халықаралық имиджін көтеруге зор септік болды;
2002 жылы 22-25 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Словенияда және Польша мемлекеттерінде болып, Словенияның Президенті М. Кучанмен сондай-ақ, Польша Президенті А. Квасневскиймен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды;
2002 жылы 3 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Оңтүстік Африка Республикасында өткен тұрақты даму жөніндегі БҰҰ саммитінің жұмысына қатысты;
2002 жылы 23 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словенияның Президенті М.Кучанды қабылдады; (Фото көне Тараз)
2002 жылы 25-26 қыркүйекте — Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерейтой мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті;
2002 жылы 27 желтоқсан — Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының төртінші кездесуі болды.