Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2003 жылы 20 қаңтар — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Швейцарияға барды. Елбасы Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті П.Кушпенмен кездесіп, екіжақты мәселелер талқыланды;

2003 жылы 23 қаңтар — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Давостағы 33-ші Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Давостағы Әлемдік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Президент біздің мемлекетіміздің шын мәнінде дүние жүзінде өзіндік орны бар ел екенін нақты дәлелдеп бере алды;

2003 жылы 29 қаңтар — Украинада ТМД елдері басшыларының кезекті кездесуі өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Давос форумына қатысып жатқандықтан, аталған кеңеске Қазақстан тарапынан Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев барды;

2003 жылы 6 ақпан — Ватиканда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды;

2003 жылы 22-23 ақпан — ҚР Н.Ә.Назарбаев Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның төртжақты кездесуіне қатысты;

2003 жылы сәуір айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Осы Жолдауда негізінен келесi, 2004 жылғы экономикалық және әлеуметтiк саясаттың, қоғамды одан әрi демократияландыру мен мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттырудың, мәдениет, бiлiм беру мен руханият салаларын дамытудың негiзгi бағыттары баяндалды.
2003 жылы 23 сәуір — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиалиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен дүниежүзінде туристік бизнестің жағдайы талқыланды;

2003 жылы 6 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас Хатшысы доктор Абдалла Бен Абдельмухсин Аль-Түркимен кездесті. Екі жақ Қазақстанда Әлемдік діндердің құрылтайын өткізу мәселесін талқылады;

2003 жылы 28 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәскеуде өткен ШЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты;

2003 жылы 3 маусым — Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде 2003-2008 жылдарға бағытталған Қазақстан-Қытай ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды;

2003 жылы 28 маусым — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Францияға қысқа мерзімді жұмыс сапармен барды. Сапар аясында Президент Н.Назарбаевтың Франция Президенті Ж.Ширакпен келіссөздері болды;

2003 жылы 5 шілде — Алматыда Орталық-Азиялық Ынтымақтастық ұйымының «ОАЫҰ» саммиті өтті;

2003 жылы 23 қыркүйек — Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші Құрылтайының ашылу салтанаты болды.

2003 жылы 11-12 қараша — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Филиппинге мемлекеттік сапармен барып, Филиппин басшысы Г.Макпагал-Арройомен кездесті. Екі мемлекет басшысының кездесуінен кейін кең ауқымдағы келіссөздер басталды. Онда «Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияға қол қойылды. Сондай-ақ Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, дипломатиялық және қызметтік төлқұжатты иеленушілер үшін визасыз режим туралы екі жақты келісімге қол қойылды;

2003 жылы 19-20 қараша — Бішкекте Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтті;

2003 жылы 4 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералдық Канцлері Герхард Шредермен кездесу өткізді. Қазақстан мен Германия арасындағы іскерлік қатынастарды талқылай келіп, Елбасы Германияның Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті;

2003 жылы 8 желтоқсан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев екі күндік ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барды;

2003 жылы 25 желтоқсан — Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстан Президенті А.Ақаевпен келіссөздері өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close