Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2005 жылы 12 қаңтар ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Президенті В.Путинмен кездесті;

2005 жылы 4 ақпан — ЕурАзЭҚ ұйымына мүше мемлекеттердің вице­премьерлері кездесті. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан мүше болып табылатын осы ұйымның шеңберінде өкілдер интеграциялық комитеттің 22-ші отырысын өткізді. Сол жолы 6 негізгі құжатқа қол қойылды;

2005 жылы 25 ақпан — Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтті. Осы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерін қабылдады;

2005 жылы 15-17 наурыз — ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев БҰҰ Бөлімшесі басшылығының шақыруымен Женевада өткен БҰҰ адам құқығы жөніндегі комиссиясының 61-ші сессиясының жұмысына сондай-ақ, Қарусыздандыру конференциясына қатысты;

2005 жылы 24 наурыз — Астанада Еуразиялық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Премьер-министрлерінің басқосуы өтті. Қазақстан Үкіметінің басшысы Даниал Ахметов төрағалық еткен жиын барысында қауымдастық елдерінің интеграциялық әріптестік мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық, энергетикалық, әлеуметтік, басқа да салалардағы мәселелер талқыланды;

2005 жылы 30 наурыз — 1 сәуір — Қазақстанға мемлекеттік сапармен Грузия Президенті М.Саакашвили келді;

2005 жылы 18-19 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға сапары барысында ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті. Цзян Цзэминь Н.Назарбаевты «Чжуннаньхай» сарайының аумағындағы өзінің резиденциясында қабылдады. Цзян Цзэминь байырғы досының әрі сенімді серіктесінің келгеніне қатты қуанды;

2005 жылы 24 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында бірқатар құжаттарға, соның ішінде Стратегиялық серіктестік және одақтас қатынастар туралы келісімге қол қойылды;

2005 жылы 9 маусым — Елбасы Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабының таныстырылымы болып өтті;

2005 жылы 21 маусым — Мәскеуде ҚР Президентінің қатысуымен ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер басшыларының Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібі бойынша өзара интеграциялық байланыстардың кең ауқымды мәселелері қаралды;

2005 жылы 3 шілде — Қазақстанға ресим сапармен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао келді. Қонақты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қабылдады. Келіссөздерден соң екі ел басшылары стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойды;

2005 жылы 5 шілде — Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 10-шы отырысы өтті. Отырыс барысында Пәкiстанға, Иранға және Үндістанға ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді;

2005 жылы 24 тамыз — ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Мемлекеттік хатшы Кондолиза Райстың шақыртуымен АҚШ-қа ресми сапармен барды;

2005 жылы 6 қыркүйек — Алматыға АҚШ-тың бұрынғы президенті Б.Клинтон жеке сапармен келді;

2005 жылы 2-4 қазан — ҚР Президенті Н. Назарбаев Грузияға ресми сапармен барды. Сапар барысында ол Грузия Президенті М.Саакашвилимен және Грузия Парламенті Төрайымы Н.Бурджанадземен кездесті. Сонымен қатар, Президент сапары барысында Қазақстан мен Грузия Үкіметтері екі ел арасындағы 2006-2010 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламаға, сонымен бірге Әуе қатынасы жөніндегі үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою рәсімі болды;

2005 жылы 6 қазан‑ Санкт-Петербургте «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының саммитінде аталмыш ұйымның ЕурАзЭҚ-мен бірігуі туралы шешім қабылданды. Іс-шараға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты;

2005 жылы 12 қазан — Елімізге екі күндік сапармен Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс келді. Сапар барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады;

2005 жылы 4 желтоқсан ‑ Елімізде Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президентін сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетіп, қайта сайланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close