Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ — ЖАСТАРДЫҢ МІНДЕТІ

Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген, мемлекетіміздің тарихы аренадағы орны туралы маңызды сауалдарға нақты жауап береді. Мақалада мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігі мен орын алған қоғамдық саяси өзгерістер туралы нақты дәлелдер мен тарихи деректер келтіріп, салмақты ой қалдырды.

Нағыз қазақ үшін туған жерінен артық қасиетті ештеңе жоқ. Халық үшін ел мен жер бөлінбейді. Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап шекарамызды ресми бекіту жолында көп күш жұмсалды. Сондықтан бабалардың қанымен келген киелі құндылық – Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, ұлан-байтақ Отанымызды қастерлеп, қорғап кейінгі ұрпаққа аманаттау парызымыз.

Соңғы жылдар әлемдік құрылымдағы елеулі өзгерістерге толы болды. Ең алдымен, COVID-19 коронавирусының жаңа түрінің таралуы экономиканың әлемдік құлдырауына әкелді. Бұл апат біздің елімізді де айналып өтпеді. Алда туындаған қиындықтарды еңсеріп міндеті тұр. Мұндай қиындықтар барлық уақытта болған. Сол қиындықтарды еңсеріп кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің 30 жылдық тарихындағы маңызды сәттер туралы баяндайтын мақаласы болашаққа бағдар болар құнды дүние. Елбасы 30 жылдан бері маңызды мәселелерді қарапайым сөздермен жеткізіп, әрбір қазақстандыққа демеу беріп келуде. Сонымен қатар Тұңғыш Президентіміздің еліміздің ертеңі болар жастарға үміт артып, зор сенім білдіретініне де әрдайым куә болып келеміз.

Ұлт Көшбасшысының сөздеріне үңіліп, өткенімізге сыни тұрғыдан қарап, кемшіліктерімізді түзетіп, алға қарай сенімді қадамдар жасау үшін мақсаттар мен міндеттерді анықтауымыз керек. Біздің барлық жетістіктеріміз халқымыздың даналығы мен бірлігі, барлық отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асары анық.

Жанар БЕКТАЕВА,

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close