Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХНАМАСЫ

1992 жыл, қаңтар:
Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады
1992 жыл, қаңтар:
Қазақстан мен Қытай елшілер деңгейінде ресми дипломатиялық қатынастар орнатты
1992 жыл, 7 қаңтар
Қазақстан Республикасының Алтын қоры мен алмас қоры құрылды. «Алматыда қаңтардың 7-де Республиканың тарихында тұңғыш рет «Қазалтын» өндірістік бірлестігінің бас директоры М.А.Мұртазаев Президент Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан кенінен балқытылған алтын мен күмістің тұңғыш кесегін табыс етті.
1992 жылы 10қаңтар:
«Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды
1992 жыл, 15 қаңтар:
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
1992 жыл, 30 қаңтар:
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болды
1992 жыл, 3 ақпан:
Алматыда Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ашылу салтанаты болды. Бұл — республикамыздағы шет мемлекеттердің тұңғыш елшілігі болатын
1992 жыл, 18 ақпанда:
Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді
1992 жыл, 2 наурыз:
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды
1992 жыл, 16 наурыз:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды
1992 жыл, 29 сәуір:
Түркияның Премьер-министрі Сүлеймен Демирел Алматыға келді. Сол күні Түркияның Қазақстандағы елшілігі ресми түрде ашылды
1992 жыл, 7 мамыр:
ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қорғаныс Комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы Жарлығы шықты
1992 жыл, 15 мамыр:
ТМД-ның алты мемлекеті (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды
1992 жыл, 17 мамыр:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды
1992 жыл, 22 мамыр:
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және бірқатар елдің мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды. Қазақстан өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады
1992 жыл, 4 маусым:
Парламент отырысында Қазақстан Республика¬сының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды
1992 жыл, 6 шілде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына орай Орал облысы — Батыс Қазақстан облысы болып; Целиноград облысы — Ақмола облысы болып; Шымкент облысы — Оңтүстік Қазақстан облысы болып; Целиноград қаласы — Ақмола қаласы болып өзгертілді
1992 жыл, 19 тамыз:
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болды
1992 жыл, 25 тамыз:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әскери ант туралы» Жарлығы шықты
1992 жыл, 28 қыркүйек – 4 қазан:
Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті
1992 жыл, 2 қазан:
ТМД-дағы жаңа тұңғыш жоғарғы оқу орны — Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты ашылды
1992 жыл, 28 қазан:
Түркияда тұңғыш рет республиканың дипломатиялық өкілдігі — Қазақстан елшілігі ресми түрде ашылды
1992 жыл, 31 қазан:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды
1992 жыл, 11 желтоқсан:
ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының мәтіні қабылданды
1992 жыл, 13 желтоқсан:
Алматыда Қазақстан халықтарының форумы өтті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close