ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХНАМАСЫ
1993 жыл, 4 қаңтар:
Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі барысында, Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысымен тараптар «Аралды қорғау» халықаралық қорын құру туралы шешім қабылдады;
1993 жыл, 9 қаңтар:
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы уәкілетті өкілдігін (елшілік) ашу туралы, Қазақстан Республикасының Федеративті Германия Республикасындағы, Француз Республикасындағы, Иран Ислам Республикасындағы, сонымен қатар Әзербайжан Республикасындағы, Армения Республикасындағы, Беларусь Республикасындағы, Грузия Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы, Түркіменстандағы, Өзбекстан Республикасындағы, Украинадағы елшіліктерін ашу туралы жарлықтарға қол қойды;
1993 жыл, 13 қаңтар:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды;
1993 жыл, 22 қаңтар:
ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы республикалық жоғары дәрежелі ғылыми мекеме — Ұлттық Ғылым академиясы болып қайта құрылды;
1993 жыл, 28 қаңтар:
Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Тұңғыш Ата Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. «Жаңа ғана шынында да тарихи оқиға болып өтті — Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды;
1993 жыл, 29-31 қаңтар:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Швейцарияның Дауос қаласында өткен Әлемдік экономикалық форумның жұмысына қатысты;
1993 жыл, 25 ақпан:
Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды;
1993 жыл, 26 ақпан:
Республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
1993 жыл, 26 ақпан:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясына ресми сапар шекті. Сапар барысында саяси, экономикалық және әскери мәселелер бойынша Ресей Президенті Б.Ельцинмен, Ресей Үкіметі басшысы В.Черномырдинмен келіссөздер жүргізді;
1993 жыл, 25 наурыз:
Қазақстан Республикасы Еуропалық Даму және Қайта кұру Банкіне мүшелікке кірді;
1993 жыл, 14 сәуір:
Президент Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі, Египет Араб Республикасындағы елшіліктерін ашу туралы Жарлықтарға қол қойды;
1993 жыл, 18-20 мамыр:
Президент Н.Назарбаев Түркіменстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Н.Назарбаев пен С.Ниязов өзара тиімді негізде жаңа экономикалық қатынастар құру ниеттерін білдірді. Ел басшылары Каспий теңізінің экологиясы мен биоресурстарын сақтау мақсатында Каспиймен шекаралас елдермен ыңтымақтастықты жандандыру ұсыныстарын атап өтті.
1993 жыл, 26 мамыр:
Елбасы Өзбекстанға сапар жасады. Н.Назарбаев және И.Кәрімов арасында экономика мен мәдени салаларда ыңтымақтастық мәселелері талқыланды;
1993 жыл, 28 мамыр:
Киелі Ордабасы жерінде үлкен жиын өтті. Жүз елу мыңға тарта адам жиналған ұлы тойға Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары қатысты.
1993 жыл, 1 маусым:
Президент Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Грузия Президенті Э.Шеварднадзені қабылдады;
1993 жыл, 5-7 маусым:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ыстамбұлда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) қатысушы-мемлекеттер басшыларының екінші кездесуіне қатысты: «Біз Ыстамбұлға аса жауапты міндетпен, өз халықтарымыздың мүддесіне сай экономикалық прогреске қарай бірлесе ілгерілеу міндетіне кірісу мақсатымен бас қосып отырмыз.
1993 жыл, 20-23 шілде:
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Тайланд Корольдігіне ресми сапары болды. Н.Назарбаев Тайланд Корольдігінің Премьер-министрі Чуан Ликпаямен және Тайланд королі Пумипон Адульядетпен (Рама ІХ) кездесті;
1993 жыл, 16-17 қыркүйек:
Алматыға ресми сапармен Франция Президенті Франсуа Миттеран келді. Келіссөз барысында Н.Назарбаев және Ф.Миттеран саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа да салаларда екіжақты ыңтымақтастықты бұдан әрі дамыту ниеттерін білдірді;
1993 жыл, 23-24 қыркүйек:
Мәскеуде ТМД елдерінің Экономикалық одағы деген келісімге қол қойылды;
1993 жыл, 18-21 қазан:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барды. Сапар барысында ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті. Келіссөздердің нәтижесі — ҚР және ҚХР арасындағы достық қарым-қатынас негіздері туралы Бірлескен Декларацияға, әуе қатынастары туралы, тұрғындарға визаларды рәсімдеу тәртіптері туралы, халықаралық автокөлік қатынастары туралы, қызмет бабымен азаматтардың сапарлары туралы келісімдерге қол қойылды;
1993 жыл, 21-22 қазан:
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Монғолияға ресми сапары болды. Келіссөз барысында Н.Назарбаев монғолдық әріптесі Пунсалмагийн Очирбатпен кездесті;
1993 жыл, 24 қазан:
ҚР Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристоферді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас және бірқатар халықаралық мәселелерге тоқталды;
1993 жыл, 12 қараша:
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты;
1993 жыл, 15 қараша:
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — теңге енгізілді.
1993 жыл, 13 желтоқсан:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты;
1993 жыл, 21 желтоқсан:
ҚР Президенті Жарлығымен «Алтын Жұлдыз» белгісі, Халық каһарманы атағы, ордендер мен медальдар және басқа да республикалық мемлекеттік наградалар бекітілді.