Ұлттық жобалар дәуірі басталды
30 жылдың ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды.
Алдымен «Қазақстан — 2030» стратегиясы басшылыққа алынды.
Ал 2012 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланды. Соның аясында салалық бағдарламалар қабылдана бастады. Жалпы, тәуелсіздік жылдары біраз құжаттар қабылданды.
Негізгі бағдарламалар:
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы;
Бизнестің жол картасы;
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы;
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы;
«Рухани жаңғыру» бағарламасы (президенттің мақаласы негізге алынды);
Цифрлық Қазақстан
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағарламасы;
«Еңбек» бағдарламасы.
Бұдан бөлек, білім, денсаулық, ұлттық қауіпсіздік, экспорт, тіл саясаты, туризм, агроөнеркәсіп кешені, аймақтарды дамыту, жемқорлықпен күрес, дағдарысқа қарсы шаралар және тағы басқа маңызды бастамалар қолға алынды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды бағдарламалардың дәуірі өтті деп санайды. Сол себепті ондай құжаттарды ұлттық жобаларға айналдыруға тапсырма берілді. Осылайша, негізгі мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік болады.