30 ҮЗДІК СПОРТШЫ
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай еліміздің түкпір түкпірлерінде жасөспірімдер мен жастар арасында ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстарға Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясының түлектеріде қатысып, ұйымдастырылған жарыстардан топ жарып толағай табыстарға кенелуде.
Атап өтер болсақ Таеквондодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Халықаралық турнирінде мектептің 7«А» сынып оқушысы Берікұлы Алтынбек І-орын иеленді.
Талдықорған қаласында ұйымдастрылған жасөспірімдер арасындағы қыздар боксынан Республикалық турнирінде мектептің 9 «А» сынып оқушысы Абылхан Дариға өзінің барлық қарсылыстарынан басым түсіп І-орынды жеңіп алды.
Көркем гимнастикадан Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ҚР кубогы жарысында мектептің 6 «В» сынып оқушысы Болатпек Әселмен 11 «Б» сынып оқушысы Самуратова Раушан ІІ және ІІІ-орындары иеленді. Суда жүзуден Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Республикалық турнирде мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ілес Ақсәуле І-орынды иеленіп жеңімпаз аттанды.
Атырау қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирінде мектептің 9 «В» сынып оқушысы Елтай Дәулет І-орынды иеленіп топ жарса, Түркістан облысының облыстық біріншілігінде мектептің 5 «А» сынып оқушысы Берікұлы Бақдәулет ІІІ-орынды иеленді. Аралас жекпе-жек спорт түрінен жасөспірмідер мен жастар арсындағы ұйымдастырылған Республикалық турнирінен мектептің 7-8 сынып оқушылары Махмудәлі Шахмардан мен Амангелді Мейрамхан І-ІІ орындарды иеленіп жеңімпаз аттанды.
Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы өткен төзімділік бөлімінде біріншілігінде мектептің 9 «А» сынып оқушысы Әлібек Досмұхеммед І-орынды иеленіп жеңімпаз аттанды.
Жеңімпаз оқушыларымызға толағай табыстар тілей отырып мектептің одан қала берді еліміздің атын халықаралық жарыстарда шығара беруіне тілектеспіз.