#Жастар

«АНАЛАР ҰЛАҒАТЫ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ» 

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығының» және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жас аналар мен қыздар арасында «Аналар ұлағаты — ұрпаққа аманат» тақырыбында іс — шара өтті.

Бүгінгі шараның мақсаты: жастар арасында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосу. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі ету. Әйелдердің еңбекқорлығы, қоғамдағы жаңашыл қадамдары, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы қыздармен ой бөлісу.

Кездесуге Қаратау ауданы бойынша аудандық аналар кеңесінің төрайымы Зулфия Бекмурзаева, Шымкент қаласының көгалдану, көркейту жұмыстарындағы белсенді азаматшасы Анипа Тортбаева, кәсіпкер Нуриса Қазанғапова және Ұлбике Усыпалиева қатысты.

Аталмыш шарада отбасы құндылығы, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері туралы ой қозғалып, жастардың толғандырған сұрақтарына мардымды жауаптар алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close