#Жастар

«АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы «Төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлерімен бірге «Апаттық жағдайлардың алдын алу» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты жастарға апат бола қалған жағдайда, алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету.

Түсіндірме жұмыстары Шымкент қаласы Еңбекші ауданы 18 мөлтеке ауданы №44 а, №46 мектеп лицей оқушыларына өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға негізгі назарын өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Департамент қызметкерлері оларды төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлері және оларды жою тәсілдерімен таныстырды. Олар өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Су асты құралдарын практикалық жүзінде пайдалану жайын көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close