#Жастар

Бала тәртібі – басты назарда

Қазіргі таңда қоғамда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Осы орайда Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №31 орта мектепте «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың, ерте жүктіліктің, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында кездесу өтті.
Оған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Элмира Абдурахманова және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Олар мектеп оқушыларының уақытын тиімді пайдаланып, зиянды әрекеттерден аулақ болуды, құқық бұзушылықтың діни тұрғысынан түсіндіріп, жаман іске бармауға шақырды. Сонымен қатар аймақ болып төбелесудің арты жақсылыққа апармайтынын тілге тиек етіп, ауызбіршілікте болуды насихаттады.
Кездесу барысында 9 сынып оқушыларына құқық бұзушылыққа қарсы насихаттау мақсатында түсірілген бейнероликтері тамашаланды. Жиын соңында мектеп оқушылары сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Айта кететін ақпарат осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close