«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ЖӘНЕ «УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІ»
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» және «Уақыттың қадірі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ерболат Айнабек, Шымкент қаласы бойынша «Ақниет – ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов, Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ісі секторы, «Темірші ата» мешітінің имамы Ербол Қалшабеков және «Болашақ» жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш кездесуде экстремисттік бағыттағы діни ағымдардың адам өміріне кері әсер ету тұстарын атап көрсетті. Дәлірек айтқанда:
— Қоғамда адамдардың сөйлеу тәртібінде өзгерістер.
— Киімдегі өзгеру
— Музыкадан бас тарту (домбыра, гимн).
— Намазындағы өзгерістер.
— Мінезіндегі өзгерістер.
— Ақидасындағы (сенім) өзгерістер.
— Салт-дәстүрге қайшы келу (беташар, ас қайыру, зиярат ету).
Кездесуде қонақтар жастарға осындай ақпараттарды сараламай қолданудың арты әртүрлі өкініштерге, айыппұл төлеу, тіпті сот алдында жауап беруге дейін апаратындығын жеткізді.