Мақсат — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларын өткізді.
Іс-шара аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата аналарына ескерту жасалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болу жайттері анықталды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.