#Жастар
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері мен базар жанынан құралған «Базар жастары» ұйымдарымен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары Шымкен қаласының Абай ауданына қарасты «Алаш», «Жібек жолы», «Бекжан» базарларында жүргізілді.
Ақпараттандыру жұмыстары нәтижесінде 350 – ге жуық жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үймен қамтуға бағытталған «Отбасы банк» АҚ-ның қызметкерлері 21 жасқа депозит счет ашып берді.