НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әрі 30 тамыз Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен қаладан шалғай орналасқан Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған елді-мекенінде «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жобаның мақсаты: Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында орналасқан шалғай елді – мекендердегі жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.
Жобаға «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» АҚ – мамандары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастары және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен «Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасына арнайы құрылған мобилді топ қатысты.