ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА ӘҢГІМЕЛЕСТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті.
Іс-шараға «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты.
Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының қызығушылықтары жайында әңгімелесті.
Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.