#Жастар
ҚОҒАМНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ МАҢЫЗЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызы» атты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
“Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Кесебаева Айжан Өмірзаққызы қоғамдық бірлестіктің қызмет бағыты туралы толық ақпарат бере отырып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жұмылуының маңызына тереңірек тоқталды.
Кездесу «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі» студенттерінің қатысуымен, барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып өтті.