“ҚОҚЫС БІЗДІКІ ЕМЕС, БІРАҚ ҚАЛА — БІЗДІКІ”
Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: TazaAlem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «Eco Sana» сенбілігі өткізілді.
Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады.
Сенбілік Шымкент қаласы Сәуле мөлтек ауданында өтті. Қозғалыс барысында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылды.
Аталмыш акцияға Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерлан Айтбаев, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 25 команда өтінім беріп 250 жас сенбілікке қатысты.
Айта кетсек өткен аптадағы «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып ашып берген еді. Сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 17 команда сенбілікке қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын.
Сенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.