#Жастар

Құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ — бұл біздің болашағымыз!

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №119 жалпы орта мектебінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқытушылар, Еңбекші ауданы прокуратура қызметкерлері, Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Н. Малдыбаев Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сөз соңынан мектеп директоры қонақтарға іс-шараға келгендері үшін алғысын білдірді.
Оқушылардың саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шаралардың жиі өтукізілуі қажет. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close