#Жастар
ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Ақжар шалғай елді- мекенінде өтті.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасы аясында шалғай елді- мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету. Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып жүргізілді.