#Жастар

ШЫМКЕНТ — ДАРЫНДЫ ҺӘМ ЖАЛЫНДЫ ЖАНДАРДЫҢ МЕКЕНІ

«Бүгінгі таңда жастар мәселесін шешуде алдымызда 5 негізгі жұмыс бағыты тұр. Бұл – азаматтық белсенділік, сапалы білім, лайықты жалақысы бар жұмыс, қолжетімді баспана және бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Оның әрқайсысының тиянақты жүзеге асырылуы еліміздің әрбір жас азаматы үшін маңызды. Осы бағыттар аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қойдық. Статистикаға жүгінсек, үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Оның 84 771-і жұмыс істесе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандары – 23 602. Ал олардың 3,8 пайызы жұмыссыздар қатарында. Қазіргі таңда өзектісі баспанамен қамту және жұмыссыздық мәселесі болып тұр. Бұл бойынша 2021-2022 жылдар аралығында «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4500 жасты оқытып, кемінде 2000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлу және «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік жасап, 2020-2025 жылдар аралығында 15 мыңға жуық жасты «Жастар практикасына» бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік жасауды көздеп отырмыз. Ал тұрғын үй мәселесі бойынша 100 ерікті жастың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында қолжетімді баспана тетіктерін түсіндіруде ақпараттық-насихаттау жұмыстары ұйымдастырылуда. Және де жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер берілуін ықпал ету қаралып отыр, — дейді ол.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы қаламызға келген іс-сапарында: «Шымкент – жастардың қаласы. Мұны ұмытпау қажет. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін білікті мамандар керек. Шымкент сондай мамандарды даярлайтын орталық ретінде қалыптасуы тиіс. Осыған орай, оқу орындарының мәртебесін арттырып, шетелдік білім ордасымен әріптестікті кеңейту қажет. Мектептің де деңгейін көтерген жөн. Оны жүзеге асыру үшін елдегі зияткерлік мектептердің тәжірибесіне сүйену қажет» деген болатын. Қорыта айтқанда Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары арқылы қазақ халқын өзге өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек деді. Ендеше, қазақ жастары төл тарихты жетік біліп қана қоймай, өркениетті ел қатарына қосылуға күш жұмсауы маңызды. Білім мен іскерлік, ұлттық рух пен жігер ғана оларды сол биікке жеткізеді. Шымкент – дарынды һәм жалынды жандардың мекені. Мағжан ақын жырлаған «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», тәуекелшіл жастар барда тәуелсіз елдің тасы өрге домалай бермек».

Мағжан Исахов,

Шымкент қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close