#Жастар

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ЖАС КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент жастары жас кәсіпкермен кездесті. 8 бірдей ірі жоба иесі, небәрі 25 жастағы Тұран Абжанов жастарға бизнес саласындағы өз тәжірибесін таныстырды. Жеке кәсібімді ашып немесе дайын бизнесімді дөңгелетемін деген азаматтарға керемет мүмкіндік. Себебі мұнда, үздік кәсіпкер болудың қыр-сыры айтылды.Шымкент қаласында жастарды, әсіресе жас кәсіпкерлерді қолдау мықтап қолға алынуда. Соның бірі, «Жастарға кеңес» жобасы аясында «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Жастар ресурстық орталығы мотивациялық кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты қонағы — жас кәсіпкер, әрі қалалық мәслихаттың ең жас депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі – Тұран Абжанов болды. Оның бизнес саласында 8 жылдық тәжірибесі бар. 8 жылда 8 ірі кәсіп ашқан. Бүгінгі кездесуге дәл осындай жетістікке жетуді көздейтін азаматтардың қатары жиналды. Негізгі қозғалған тақырып: бизнесте қателік жасаудан қорықпау, дұрыс идея таңдау, бәсекелестерге анализ жасау және қаржылық сауаттылық.

Мотивациялық кездесудің басқа тренингтерден ерекшелігі жастарды тәжірибелі кәсіпкерлермен кездестіру. Жалпы Шымкент қаласында жастарға арналған осы сарынды мотивациялық кездесулер жиі өткізіледі. Ал нәтижесі қандай?  Жастар ресурстық орталығының маманы Ботакөз  Тоқбалаеваның айтуынша, дәл осындай тренингтерден кейін өз жеке кәсібін ашқан жастар қатары көп екен.

Кездесу соңында болашақ жас кәсіпкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, кәсіпке қатысты кеңестер сұрады. Сонымен қатар, мотивациялық кездесу әсерлі болу үшін  Тұран Абжанов жастарды өзінің кәсіпкерлік мекемелерімен таныстырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close