Шымкенттік полицейлер оқушыларға сабақ өткізді
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы полиция лейтенанты Азамат Мырзахметов қаладағы №40 Алпамыс батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Сабақ барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшысы оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.