Шымкенттік полицейлер жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция және учаскелік полиция инспекторлары жайсыз отбасы есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, балаға немқұрайлылық танытқан ата-ана жауапқа тартылады. Мұндай өзекті мәселені қоғам болып жұмыла шешсек қана, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға болады.
Тәртіп сақшыларымен жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Ювеналды полиция бөлінісінің қызметкерлері өз тарапынан жайсыз отбасылар мен оларда тәрбиеленетін кәмелетке толмағандарды анықтауды күн тәртібінен түсірген емес. Сондай-ақ, құқықтық сауаттандыру, олардың жағдайын жақсарту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша және тәрбиелеу бағытында алға қойылған міндеттердің орындалуын әрі қарай жалғастыратын болады.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.