#Жастар

ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Шымкенттегі Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және «Энергетика және байланыс» колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жұлдызды — 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Елі сүйген, елін сүйген — Елбасы» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу; Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту , Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу болды.

Жиын барысында жастар тарихи тұлғаның еңбектерімен етене танысты. Әрқашан да жастарға жанашырлықпен, қамқорлықпен қарайтынын баса айтты. Соның дәлелі ретінде әр Жолдауында жастарға қатысты мәлімдемелерін келтіруге болады. Ғылым, білім аламын, кәсіп үйренемін, шаруашылықпен айналысамын деген жастар үшін зор мүмкіндік бар. Тек еріншектікке салынбай, еңбек етіп, ізденсең болғаны. Елбасы келешек жастарға үлкен үміт артып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп өсуіне, көркеюіне жас ұрпақ аянбай тер төгуі керек деп біледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close