#Жастар

«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкентте 24 қараша мен 8 желтоқсан аралығында әлеуметтік желілерде жарияланатын жұмыстарға байқау жарияланды. Бұл туралы қалалық жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз жиынында «Бәйтерек» жастар ұйымының жоба үйлестірушісі Сабира Байзахова мәлімдеді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған байқауға 14 пен 45 жастағы қала тұрғындары қатыса алады. Жалпы сайыстың жүлде қоры – 1 млн 500 мың теңге.
Жастар арасындағы патриоттық сезімді көтеру және медиамәдениетке үйрету мақсатында өткізілгелі отырған байқау жұмыстары үш номинация бойынша сарапқа салынады.
– Байқау қатысушылары 100 мың оқырманнан кем болмайтын әлеуметтік желілерде #Тәуелсіздікке30жыл хэштегін пайдалана отырып жазба, вайн, роликтерін жариялайды. Сілтемесін ұйымдастырушылар, яғни бізге жолдауларына болады. 9 желтоқсан комиссия отырысы өтеді. Әр саладан жиналған сапаршылар үздік жұмыстарды анықтауға көмектеседі. «Үздік жазба», «үздік вайн», «үздік ролик» аталымдары бойынша бас жүлде мен 1,2,3 орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталады, — деді Сабира Мұратқызы.

Баспасөз жиынында әр аталымға жауапты сала мамандары да қатысып, жұмыстарға қойылатын талаптарға тоқталды. Журналист, қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева әлеуметтік желілерде оқырмандарға арналған контент жазуда медиамәдениеттілік пен кибербуллинг мәселесіне назар аудару керек екенін атап өтті. Ал белгілі актирса, блогер-вайнер Ақерке Асқар вайн түсіруде тәрбиелік мәні бар тақырыптарды таңдаңдауға шақырды.

Брифинг барысында сөз алған «Jaidarman Production» студиясының видеооператоры Мұхит Қарсақбаев видеконтент жүргізуде камера, фотоаппарат сынды қымбат техникалармен қатар гаджеттердің көмегіне жүгіну арқылы сапалы дүниелер жасауға болатынын айтты. Сондай-ақ, үміткерлер смартфондарға арналған тегін монтаж бағдарламаларымен де жұмыс істеу шеберліктерін көрсете алатындарын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close