#Жастар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ

Түркістан қаласы мен оның өңіріндегіқалалар археологиялық мұраларға, жәдігерлерге толы болып табылады. Бұл туралы іргелі еңбектер жазушы ғалымдардың зерттеулері, айғақ бола алады. Біздің зерттеулеріміз де сол зерттеулердің ізін жалғастырып, ғылым жолында өзіндік пікір табуға әрекет жасайды. Енді тақырыбымыздың негізіне көшер болсақ, Ахмет Иасауи кесенесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен – «Хазіретті Түркістан» деп атала бастады. XIV ғасырдан бастап « Түркістан » атауы қалаға нақты танылды. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі – цитадель және оны қоршаған шахристаны сақталған. Цитадель көлемі – 2,6 гектар, шахристан – 23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардан ( М.Е Массон ) бері жүргізуін бастаған. Соңғы жылдардығы зерттеу жұмыстарын 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999 ж.жж жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде, қаланың цитаделі мен хахристаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанмен қоршалғаны, екі цитадель мен шахристанның төрт қақпасы болғаны тарихи деректерден анық екені белгілі.

Иасы-Күлтөбе қаласы (IV-V ғ.ғ.- XIV ғ. аралығыда)
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен оңтүстікке карай 350 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы – Күлтөбе Түркістан қаласы тарихының орта кезінде деп есептеледі. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі осы Иасы – Күлтөбе қаласының көне қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр. Қазіргі күнге дейін – қаланың орталық негізгі бөлігі – цитаделі ғана сақталған, оның көлемі – 150х120м., биіктігі -9м. қаланы 1981-1984 ж.ж. Түркістан археологялық экспедициясы (Е.Ә Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған. Зерттеу нәтижесінде қала IV – V ғасырларда қалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырдан бастап Иасы – Күлтөбе жаңадан қалыптасқан Түркістан қаласының териториясына енді [2-124]. Оның Шахристанының бір бөлігі ретінде ХХ ғасырдың басына дейін өмір сүрген.
     ШауғарШойтөбе қаласы
(I мыңжылдықтың I — ші жартысы – XIII-XIV ғ.ғ. )
Түркістан қаласының-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар – Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі цитаделінің көлемі 200х180, биіктігі-12 м, шахристаны – 360х300, биіктігі 3 м, оны қоршай қала рабаты орналсақан – көлемі 25 гектардан асады. Қаланы 1989-1992 ж.ж. және 1996-1999 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Л.Б. Ерзакович, Е.Ә Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталған жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі – 2000 жылғы зерттеу жумыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дөлірек анықтайды.деп кутілуде. Қаланың XIII ғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахарына қоныс аударған, алайда тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік – шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан екі қоныс салғандығын 1996 – 1999 ж.ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.
Бұл қоныстар XIV ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген. Түркістан – қала, Түркістан қалалық әкімдігінің орталығы, темір жол станциясы. Облыс орталығы — Шымкент қаласынан солтүстік – батысқа қарай 225 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Іргесі біздің заманымыздың 500 жылы қаланып, Түркі халықтарының орталығы болып келеді.
Археологтар Түркістан каласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақ та тас дәуірінің ескерткіші Шоктас, Қосқорған – бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мың жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Бұл қала тарих тауқыметін бастан кешіріп, гүлдену және құлдырау кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін аман жеткен. Ол Тұран аймағы деп аңыз болып қалған, «тарихи түркілер елі» деп те аталып, Қазақ хандығының тұңғыш астансы болған. Орта ғасырылық сәулет өнерінің де алып асылы – Қожа Ахмет Иасауидің кесенесінде,қазақтың билеушілері мен бір топ саяси және діни, рухани тұлғалардың денесі жерленген. Сондықтан, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек зерттеу үшін Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бүгінгі таңда тарихи принцип негізінде Қазақстандағы Алаш қозғалысы мен Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты тарихпен сабақтастырып, зерттеу абзал. Себебі Түркістан өлкесіндегі болып өткен ұлт азаттық қозғалыстар саяс ала-құлалығымен және әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленеді. Түркістан қозғалысын өлкедегі азаттық, тәуелсіздікжолындағы күреске ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде топтасқан саяси күштердің ұйымдасқан белсенді әрекеті деп бағалаған жөн.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан кейін, яғни Жоңғар хандығы құлаған соң өңіріндегі геосаяси ахуалда өзгеріске ұшырады. Ендігі жерде Түркістан қаласы үшін ортаазиялық хандықтар арасында күрес жүрді. Осының нәтижесінде Түркістан қаласы алдымен Ташкентке, сонан соң Қоқан хандығына қараған. XIX ғасырдың 60-жылдарытүркістан қаласын патшалық Ресей жаулап алды. Осыған байланысты Түркістан Ресей империясының құрамында дамыды.
Түркістан қаласы мен оның өңіріндегі қалалардың өткен тарихы мен мәдениетіне, халқының тұрмысына қатысты зерттеулер Ресей империясы орныққанан кейін жандана түсті. Орыс ғалымдары оны ғылыми айналымға енгізіп, өзектендіруге қызмет істеді. Ал, ол бағыттар қалай жүрді деген сұрақ туындатты. XIX ғасырдың бірінші жартысы Ресей үшін Түркістанды зерттеу, танудың жаңа кезеңі болды. Осы уақытта Қазақстан Ресейдің маңызыды сауда – экономикалық аймағына айналды. Ресейдің алдында осы аймақты, кезең кезеңмен, шаруашылық үшін игеру мәселесі тұрды, бірақ бұған Хиуа және Қоқан хандығының басқа да қазақ жерінекөз алатурушылардың экспансионистік саясаты кедергі болды. Бұл Ресей тарапынан Түркістан өлкесінің жер аумағын, халық саны мен елді мекендерді анықтап, зерттеуді тереңдете түсуді қажет етті. Осы кезеңде, қазақ жерінің физикалық – географиялық, тарихи-этнографиялық жағынан зерттелуінің үдей түсуі тосын жай емес еді. Басқа салаларға қарағанда қазақ жерінің шаруашылығы, қоғамдық – саяси өмір жүзге бөлінісі, құқықтық басқару жүйесі, жер бедері, су, керуен жолдары мен халықтық мұралары терең зерттелді.
Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған, Орынбор өлкесін зерттеуші П.И. Рычков болды. Ол өзінің еңбегінде аудармашы Оразалының айтқан аңызын келтіреді: «Бұл қаланы парсылардың төртінші патшасы Жамшид-шах салдырған, ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді, қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырады. Оның біріншісі Түркістан, келесілері Отырар мен Сауран…. » П.И Рычков Түркістан бұрынғы Иасының орнында екендігін дәлелдеуге тырысты. [2-56]
XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге деген ынта үдей түсті, оның басты себебі Қожа Ахмет Иассауидің ханакасы болды. 1865-1866 ж.ж.
Т үркістанға келген Уфалық сот қызметкері М. Бекчуриннің «Әзірет сұлтан мешіті» жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қ.А. Иассауи кешенінде жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді.
Ал, 1866 жылы Сауран, Яссы (Түркістан), Қарнақ, Сайрам (Испиджаб) қалаларының үйінді орнын географ А.К. Гейнс қарап шыққан болатын. [3-135].
Келесі бір құнды зерттеу еңбек деп, П.И. Лерхтың еңбегін атап өтуіміз керек. Ол Түркістан қаласының қазіргі орнында бұрын Ясы қаласы болғандығын, археологиялық материалдар арқылы дәлелдеді. Сонымен қатар, Лерхтың еңбегінде XIV-XVI ғ.ғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы жазба деректер мәлімет де келтіріледі, Қ.А. Иасауи ханакасы ішіндегі құлпытастар жайында баяндалады. XIX ғ. 90 жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихын зерттеуді, Түркістан әуесқойлар үйірмесі мүшелері П.Н. Ахмеров, А.А. Диваев, Ч.С. Лыкошин, С,Г, Малицкий және басқалар жүргізе бастайды.
Түркістан тарихын зерттеулер ішінде шығыстанушы В.В. Бартольд пен А.И. Добромысловтың еңбектерін атаған жөн. В.В. Бартольд Ясы-Түркістан-Шавгар қалаларының бір екендігін айтты. Ал, А.И. Добромысловтыңеңбегі, Түркістан қаласының тарихы жөніндегі алғашқы монографиялық зерттеу болып табылады[5-34].
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен Қ.А. Иассауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты зерттелді. Ол негізінен А.А. Семенов, Т.В. Савальева еңбектерінде көрсетілген [6-97]. Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылдың жазында М.Е. Массонның бастауымен цитадельде жүргізілді. Нәтижесінде М.Е. Массон қазіргі Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ XII-XIII ғ.ғ. үлкен қала болғандығын айтады. Ұлы отан соғысы нәтижесінде тоқтап қалған зерттеулер 1947-1951 жылдары Н.А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданады [6-59]. Ол Түркістаннан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Шойтөбе қалашығының Шауғар – Ясы болу мүмкін екендігін айтқан болатын. Осы экспедицияның материалдарын жинақтап, монографиялық еңбекті жариялағандар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич еді. Археологиялық еңбектерге сүйене отырып, олар қазіргі Түркістан қаласы аумағының оңтүстік Қазақстанның ежелгі егіншілік-отыршылық аймағы болғандығын дәлелдеді. 1958 жылдары Қ.А. Иассауи кесенесінің айналасында Н.Б. Немцов қазба жұмысын жүргізді. Нәтижесінде қазақ хандарының мазар орындары табылды. Бұл туралы зерттеулерді археолог М.Қ. Туяқбаев және оның экспедициясы зерттеу жүргізіп келеді тақтайшаларға жазылған билер мен султандар және де ақсүиек тұлғаларының мазарлары қорғалып оны ары қарай сақтау келешке ұрпаққа жеткізу колға алынып отыр.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close