#Жастар
ЖАС АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданының Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мамандарының ұйымдастырумен жалғыз басты жас аналарға заң аясында өз құқықтарын қорғау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында «Мейірім» қайырымдылық қорының директоры Асан Жазира Тилеубергенқызы «Аналар үйінің» жалғыз басты жас аналарына «Атаулы әлеуметтік көмек» алу жолдарын және заң аясында өз құқықтарын қорғау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.