ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ҚҰРДЫ
Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыпта TedX форматында колледж студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы әкелер кеңесінің төрағасы, сот судьясы Отарбаев Еркен Бостанбекұлы қатысып, отбасындағы әке тәрбиесі, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұлттық сананы қалыптастыру бойынша сөз қозғап, жастармен ашық сұхбат алаңын құрды.
Кездесудің мақсаты: Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар…» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.
Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отыру.