«ECO SANA» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СЕНБІЛІГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Шымкентте «Birgеmiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастары сенбілікке шықты.
«Eco Sana» қозғалысының «БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН» тазалық акциясына Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов пен әкімдік қызметкерлері және волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жасақталған 17 команда қатысты.
– Аталмыш шара осымен биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Тазалық акциясы алдымен Абай ауданы бойынша( Ынтымақ ) 17 команда өтінім беріп, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс жиналса, Әл-Фараби ауданында (Сәуле) өткізілген сенбілікте 180-ге жуық жас 1 тонна 269 келіге жуық қоқыс шығарды, — дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.
Сенбілік барысында Таскен елді мекенінің аумағы көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.