#Жасыл қала

Қаланы қоқыстан тазартуға серпін берер сенбілік

Бейнетсіз рахат жоқ» демекші осы сенбіде өткен акция аясында аудан тұрғындары үйлерінен шығып  аулаларын қыстан қалған қоқыстан тазартты. Аудан әкімдігі мамандары мен көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері де өздеріне тиесілі ғимарат маңын абаттандырды. Жалпы сенбілікте 112 м3 қоқыс шығарылды. Акцияға 312 коммерциялық мекеме ат салысып, 8 мыңнан астам адам қатысты.

Шымқала көшелерінде бүгінде күнделікті жасыл желегі емін-еркін жайқалу үшін толықтай тазартылу жұмысы атқарылады. Осыған дейінде Еңбекші ауданында аптаның сенбі күндері тазалық акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағы қоқыстан тазартылып келеді. Мұнда санитарлық жұмыстардан бөлек,  көгалдандыру шараларыда назардан тыс қалмайды.

Алдағы уақытта тазалау науқаны жалғасын табатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close