ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Экскурсия қызметі өзінің үлкен тарихи даму жолынан өтіп, қазіргі даму деңгейіне жетті, ел қалыптасуының тарихында экскурсиялық қызмет түрлі міндеттерді атқарады.
Экскурсиялық қызметінің тарихы отандық мәдениеттің бөлігі, ол бір кезеңде ұлттық ойдың, сананың, қоғамның мәдени белесінің даму деңгейін көрсетеді. Ол халық арасындағы мәдени-ағартушылық жұмыстың бөлімі, XX ғасырдың 70- 80-ші жылдары оның дамуы белең алды.
Жыл сайын миллиардтаған адам экскурсияларды таңдады; экскурсоводтардың саны кемі жетпіс мыңға жетті; мыңдаған ұйымдар экскурсия қызметін белсенді жүргізе бастады; әлем бойынша он мыңнан астам экскурсия тақырыптары құрастырылды; экскурсия қызметінің теориясы мен әдістемесінің өзіндік жолы қалыптасты. Кез келген мемлекетте курорттық және ауылдық, аудандық жерлерде, қалалар мен қала маңында экскурсия мен саяхат және экскурсия бюролары құрылды, осы жағдайлар заман талабына сай экскурсия қызметтің дамуын қарастыруды керек етті. Әрине, экскурсиялық қызмет − туризмнің жүрегі десек, ол мәдени, археологиялық, ботаникалық, ғылыми, экологиялық, діни, конгрестік, танымдық және басқа − туризмнің түрлерін ұйымдастыру кезінде міндетті түрде сапар бағдарламаларына кірді. Экскурсия – көрікті жерлерді, тарихи және әдеби ескерткіштерді әдістемелік ойластырылған көрініс, оның негізінде экскурсияға қатысушылар объектілердің алдында талдау жүргізеді, сол сияқты болған оқиғалар туралы дұрыс жеткізе аладЫ.
Қазіргі туристік қызметтің дамуында инновациялар үлкен орын алуда, экскурсиялық-танымдық туризм саласындағы инновациялар экскурсиялық қызметтердің жылжуын ынталандырады, кейбір экскурсиялардың басқаларына қарағанда артықшылықтарын анықтайды. Экскурсиялық жұмыстарды инновациялық зерттеу барлық мүмкін нысандарда көрінуі мүмкін және туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне өте күшті әсер етеді. В.В.Лиханова, О.А.Лях экскурсиялық қызметтегі инновацияларды «тақырып пен сапа және экскурсиялық даму тұрғысынан жаңа маршруттар» деп көрсетеді [3]. Ю.А.Матюхина, Е.М.Мигунова «классиканың жетілдірілгені де, жаңа экскурсиялар мен қызметтердің енгізілуі де инновациялық болуы мүмкін» деген ой түйіндеуде [4]. Экскурсиялық өнімнің жаңашылдығы оларды әзірлеу мен енгізудің жаңа тәсілдерін, жаңа технологияларды қолданумен анықталады. Біздің ойымызша, инновациялық экскурсиялық өнімді игерілген инновациялар мен технологиялар негізінде қалыптасатын және әлеуетті тұтынушылардың рекреациялық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жаңа экскурсиялық қызметтер кешені деп түсіну керек. В.С.Новиковтың пікірінше, экскурсия саласындағы инновациялар бес түрге бөлінеді: экскурсиялық инновациялар; экскурсияларды әзірлеу және өткізу технологиясындағы инновациялар; экскурсиялардағы техникалық жаңалықтар; менеджмент пен маркетингтегі инновациялар; жеке инновациялар (стиль, гидтің сыртқы түрі және т.б.).
Экскурсиялық мекемелер мен мұражайлардың сайттарындағы виртуалды экскурсиялар да экскурсияларды өткізудің жаңа технологиясы болып табылады. М.В.Вершининаның зерттеулері бойынша орта есеппен мұражай заттарының шамамен 70% -ы қоймаларда сақталады, ал мұражайлардың 1/3 — ғана өз сайттары бар [6]. Өзінің веб-сайтын дамыта және насихаттай отырып, мұражай өзін жариялап қана қоймай, сонымен қатар Интернет-туристерді қабылдай алады, сонымен қатар өзінің барлық қорларын аша алады. Веб-музей туристерге виртуалды турға шығуға, кез-келген экспонатты егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта виртуалды экскурсиялар Париждегі Лувр, Санкт-Петербургтегі Эрмитаж, Киевтегі Шевченко Т.Г. мұражайы, Нью- Йорктегі Метрополитен мұражайы сияқты ірі мұражайларда жақсы ұйымдастырылуда.
Квест-экскурсияларды инновациялық экскурсиялық өнім ретінде ұйымдастыру нәтижесінде экскурсиялық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы артады, ал туристік нарықта қосымша табыс алынады. Бұл бағыт туристік кәсіпорындар мен оқу орындарының белсенді үгіт-насихатына мұқтаж. Экскурсиялық іс-шараларда қазір интерактивті туристік ойындар қолданыла бастады. Бірдей ойын алаңында (мысалы, туристік бағыт, тұтастай алғанда жеке аттракциондар, экскурсиялық бейнелеу нысандары және т.б.) геймификацияланған өнімдер де, виртуалды шындықтың электрондық ойын технологияларын ішінара қолданатын өнімдер де болуы мүмкін (AR-турлар және VR-турлар). Жердің кез-келген экскурсиялық объектісіне виртуалды бару мүмкіндігі пайда болады және белсенді түрде кеңейеді. Неогеографияның тәсілдері (бұл терминді ГАЖ-технолог Э. Тернер 2006 жылы енгізген) үш өлшемді кескінде кез-келген кеңістіктегі затты ең кішкентай бөлшектерге, біздің планетамыздың бірыңғай координаттар жүйесіне байланған етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Геоақпаратты ұсынудың инновациялық қағидалары адамның әлемді қабылдауын түбегейлі өзгерте алады: экскурсант саяхатқа дайындала отырып, алдын –ала баратын аумақ пен оның ерекшеліктері туралы толық біледі, бұл туристік-экскурсиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктеріне әсер етері сөзсіз. Бұл экскурсиялық қызметтердің сапасына қойылатын талаптардың артуына әкеледі. Көбіне адамдар тұрғылықты жерінен мүлдем шыққысы келмейді, бірақ неогеография жүйесін қолданады, мұндай сегментті олар баратын жерге баруға ынталандыру үшін қосымша күш қажет болады.
Қазіргі уақытта туристік индустриядан материалдық-техникалық инновациялардың серпіні байқалады. Қазір экскурсияға «Орын сезімі» бар және Интернетте жинақталған геоақпараттың барлық массивін пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар пайдаланыла бастады. Арнайы «гидтер» спутниктік навигация жүйесінің модулі — GPS немесе GLONASS (Global Navigation Satellite System) жабдықталған. Әлемдегі алғашқы экскурсия жүргізетін машинаны американдық GoCarRental компаниясы жасады, ол GPS модулі мен компьютермен жабдықталған 3 доңғалақты 2 орындық мопед ретінде ұсынылды. Ол Сан-Франциско қаласының экскурсиялық орындарына жету туралы нұсқаулық береді, 5 тілде көрікті жерлер туралы айтып бере алады. Мопед экскурсиялық автобустарға қол жетімді емес жерлерді аралай алады. Автокөлік экскурсияға қатысушы өзіне ұнайтын тартымды көруге, кафеге немесе дүкенге бару үшін кез-келген уақытта экскурсиялық бағдарламаны үзуге қабілетті.
Экскурсияларға самокаттарды пайдалану туралы ой Ресейлік В.Быковке аэропортта келген болатын, ол терминалдарға барғысы келмеген, алдымен чемодан самокаттарды қолданған, ол әр қаланың аэпорттарында осы типтегі самокаттардың болуын ойластырған. 2015 жылы ол А.Костырьмен бірге электродвигательсіз жұмыс жасайтын самокаттарды ойластырды, 20 минуттық серуенді 5 минутқа айналдыратын серуендерді ұсына отырып, «Станция арақашықтықтары аз станциялар арасына самокаттарды пайдалануды ұсынды. Москвада самокаттарды мөлшермен 75% адамның орташа жасы 25-35 жас аралығы.
Қазақстанда экскурсиялық қызметті ұйымдастырудың негізі ерекше табиғат пен ерекше әлеует деуге болады, негізгі басымдылық адамдардың – туризммен айналыса отырып, экскурсияға баруы деуге болады. Қазақстанның экскурсиялық қызметі бойынша жалпы статистика жоқ, мысалы, елімізде қандай экскурсиялар бар, олардан қандай қаржы түседі, т.б. сұрақтар жауаптарын табу мүмкін болмады, десек те, экскурсовод мамандығы бүгінде, қоршаған ортаны танудың демократиялық формасы болып табыла отырып, имиджді мамандық ретінде жаңа бағыт алды. Гид-аудармашылар мен экскурсоводтар елдің «айнасы», үнемі біліктілікті арттыру курстары қажет, сол сияқты мамандыққа бірнеше шет тілін білетін жас мамандарды тарту керек. Экскурсовод курстары бар, олардың көбісі жергілікті орындарда және коммерциялық негізде болып отыр және мамандықтың бірыңғай стандарттары әлі жасалмаған.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының ақпараты бойынша, бүгінгі күні тек бірнеше фирмалар ғана гид қызметін ұсынады, олардың өздері атақты, белгілі объектілерді көрсетеді, ал негізгі туристік мүмкіндік көбіне ашылмай қалады. Оны не білмейді, не оған қызықпайды. «Туристік қызмет туралы» заңда турагенттердің мемлекеттік электронды реестрін жүргізудің гидтер, гид- аудармашылар, экскурсоводтар мен туризм инструкторлары қызметіне қатысты нормалары бар, олар осы қызметті жүргізуге өтініш білдірді және аккредитация алады. Реестрге 2018 жылдан бастап тіркелгендердің саны 135 адам. Еліміздегі реестрге енген гид-экскурсоводтардың саны аз, қазіргі мақсат осы тізімді толықтыру болып отыр. Елімізге турист ретінде келушілер санын ақырындап болсын артуда, сондықтан оларға сапалы қызмет көрсету керек, бірақ елімізге турист ретінде тіркелгендер саны 2019 жылы 76203 адам, ол 2018 жылмен салыстырғанда 10381 адамға артық, ал 2017 жылдың өзінде нақты турист боп тіркелгендердің өзі 81635 адам ғана екен, олай болса осы тенденцияны өзгерту керекпіз.
Экскурсиялар туралы статистикалық мәлімет іздестіргенде мәлімет табылмағандығын жоғарыда айтып өттік, экскурсиялар туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің заңды тұлғалар мәртебесімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша деректері бойынша еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарда өтетіндігін көруге болады. Елімізде 2019 жылы ерекше қорғалатын аймақ саны 117 болса, онда экскурсия өткізетін қызметкерлердің саны 49 ғана және олар 8166 экскурсия өткізген, иә осы мәліметтер бойынша келген 1,5 млн. адамға ұйымдастырылған экскурсиялар саны 0,5% ғана құрап отыр. Мәліметтерге орай келушілерде, экскурсия алушылар да саны ақырындап артуда, 2018 жылмен салыстырғанда 2000 экскурсия көп өткізген. Ал турфирмалар қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері.