Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ СИПАТЫ

Гендерлік категориялау, бейнелі ой (ментальді) лексиконы, когнитивтік үлгілер, таптаурындар, гендерлік таптаурындар, метонимиялық үлгілер, гендерлік қарама-қарсылықтар, формалды- грамматикалық тек категориясы, радиалды жəне кластерлік үлгілер.

Қоршаған шындық өмірді саналы түрде тану мен адам тəжірибесін категориялау тілмен байланысты болып келеді, өйткені адамның когнитивтік қызметі барысында алынған мазмұндық ақпарат тіл мен тілдік формаларда көрініс тауып, сөйлеу арқылы білдіріледі. Күнделікті өмірде адам өзінің əрекеттері мен талап- тілектерін, наным-сенімдерін, пікірлерін табиғи түрде қабылдап гендерлік сипатына мəн бере бермейді. Ал гендерлік дəстүрлер, білімдер, түсініктер адамға бала кезінен бастап айнала қоршаған орта арқылы сіңіп қалыптасады.

Гендер еркек пен əйелдің ақыл-ой санатанымын, жүріс- тұрысын, талғамын, қарым-қабілетін жəне тілдік қарым-қаты- насын ерекшелейді. Демек, гендерлік таным-түсініктерді таны- ту үшін адамзат өміріндегі құбылыстарға, яғни ақыл-ой, ойлау қабілетінен бастап сүйікті ас-тағамы мен жүріс-тұрысына дейінгі болмысына сүйенуге тура келеді. Ол, əсіресе, əңгімелесу, əзілдесу, пікірталастыру барысында айқын көрінеді.

Қоршаған ортаны қабылдау, оны таныту, түсіндіру гендерлік талдаулардың біртұтас жүйесі немесе гендерлік категориялау (топ- тастыру) тұрғысынан қарастыруды қажет етеді. Когнитивтік тəсіл гендерді ұжымдық жəне жеке адамдық сананың компоненті ретінде жаңаша ұғым-түсініктер қалыптастырады, гендерлік концептілер табиғаты мен олардың ерекшеліктерін тануға мүмкіндік туғызады.

Гендерлік категориялау мəселелері ментальді   лекси- конға сүйене отырып   қарастырылады.   Ол   сөздер   мен олардың эквиваленттік бірліктерін оның астарында күрделі экстралингвистикалық (энциклопедиялық) білімді танытатын жүйе ретінде анықталады [Краткий словарь когнитивных тер- минов 1996, 97 б.]. Бейнелі ой (ментальді) лексиконы – адамның қоғаммен өзара əрекеті барысында жинақталған білімінің жа- дыда өңделген түрі гендерлік білімнің гендерлік таптаурындар түрінде бейнеленген тілдік көрінісі.

Саяси, əлеуметтік, тарихи мəн-мəтіндерде гендерлік талдау барысында негізгі гендерлектілер ретінде «ер» жəне «əйел» ка- тегориялары алынады. Оны патриархат мəдениетіне тəн қарама- қарсылықтар қатарынан көруге болады: ерлер – күшті, əйелдер – əлсіз; ерлер – қызуқанды, əйелдер – ұялшақ; ерлер – рацио- налды, əйелдер – көңілшек; ерлер бəсекелесуге бейім болады, əйелдер тіл табысуға бейім келеді, т.б. Алайда көпшілігі бұл қарама-қарсылықтың ақиқаттығы шынайы болмысты дəл таныта алатынына келісе бермейді жəне бұл айтылғандарды мұрат (иде- ал) деп қабылдамайды. Бұл категориялардың қарама-қарсылық сипаты тілдік жүйеде «қарама-қарсы жыныс» (противоположный пол) тұрақты тіркесімен белгіленеді. Көбінесе олардың қарама- қарсылығы санадағы құрылымдық таным емес, белгілі бір шы- найы белгіленген мəнбір ретінде түсініледі. Мұның себебін ұзақ уақыттар бойы əлемді танудың негізі болған категориялаудың дəстүрлі теориясынан іздеген жөн.

Гендер туралы қазіргі түсініктің теориялық негізі, оның əлеуметтік құрылым ретіндегі баяндалуы (белгілі бір мəдениетке тəн əйелдік, еркектік категорияларын сипаттайтын таптаурындар жиынтығы) категориялаудың жаңа теориясы болып табылады. Бұл теория адамның рөлі мен тəжірибелеріне ерекше көңіл аударады, сонымен бірге категориялаудың тек оның мүшелеріне ортақ жалпы белгілер негізінде ғана қалыптаспайтындығын нақты дəйектейді. Со- нымен, жаңа теорияға сəйкес категория заттардың табиғатынан неме- се «жоғарыдан» берілетін емес, адамзаттың əлемді тану, түсіну əрекеті барысында жəне сол əлемде өзін-өзі тануы нəтижесінде қалыптасады. Категориялаудың жаңа теориясының   негізін   салушылардың бірі Л. Витгенштейн категория мүшелері бір-бірімен бір жанұяның мүшелері секілді, яғни бір-біріне ұқсайтын барлығына ортақ жалпы белгілері болмайақ өзара қатынаста болуы мүмкін дей келіп, бұл құбылысты «жанұялық ұқсастық ұстанымы» деп атады. Э. Рош жасаған тəжірибеде категориялар құрамына енетін мүшелердің біреуінің ерекше белгісі бүтін категорияға негіз бола алатындығы дəлелденді. Ол категориялаудың бұл жаңа теориясын «түптұлғалар теориясы» деп атады (түптұлға (прототип) – категорияның ерекше танылған мүшелерінің бірі) [Гриценко 2005, 102-105 бб.].

Сонымен, гендерлік категориялау ерекшеліктерін ұғыну үшін əрі гендердің тілдік құрылымдануын түсіну үшін, алдымен, категориялаудың негізгі қағидаларын анықтаған жөн.

Гендерлік категориялаудағы когнитивтік үлгілер

Категорияларды мағынасына қарай жіктеп, жүйелеп, сəйкестендіру арқылы біз айнала қоршаған ортаны ұғынуға тыры- самыз. Əрбір категорияға атау беріп, оны əлеуметтік тəжірибеде пайдаланамыз. Тіл категория нəтижесін білдірудің негізгі тəсілі əрі құралы бола алады. Жеке тұлға əлем бейнесін өзінің ана тілінде танып, айнала қоршаған орта туралы танымын ана тіліне тəн құрылымдар негізінде қабылдайды.

Гендерлік категориялау біріншіден, «еркектік», «əйелдік» делінетін гендердің тірек категорияларының өзі адамның физикалық табиғатынан туындаған метафоралары ретінде таны- луы, екіншіден, метонимиялық когнитивтік үлгілердің түптұлға мəнінде жұмсалуы негізінде жүзеге асырылады.

Тілдік категориялаудың концептуалдық мəні əлеуметтік болмыстың ұйымдасуы жөніндегі ақпараттың іштей игерілуі бо- лып табылады. Гендерлік түсініктер басқа да білім формалары тəрізді бейнелі құрылым түрінде ұйымдасады. Олар Дж. Лакофф атап көрсеткендей, мұрат тұтатын когнитивтік үлгілер ретінде түрлі құрылымдау қағидаларын негіз етеді. Атап айтқанда:

  • сөйлемдік үлгі элементтер жəне олардың бір-бірімен арақатынасы мен ерекшеліктерін анықтайды.
  • бейнелердің  сұлбалық    үлгісі    сұлбалық    (схемалық) бейнелерді айқындайды.
  • метафоралық үлгілер сөйлем мен бейнелі сұлбалық үлгілердің ішінде белгілі ортаға тəн құрылымның басқа ортадағы құрылымға сəйкес жобалануын танытады.
  • метонимиялық үлгілер жоғарыда айтылған үлгілердің ішінде біреуінің (немесе бірнешеуінің) бір элементі екінші элементтің қызметін атқаратындығын анықтайды.

Дж. Лакофф сөйлемді құрылымды идеалданған когнитивтік үлгілердің бір бөлігі ретінде қарастырады. Алайда когнитивтік тіл білімінде сөйлем (пропозиция) бейнелі ой үлгілерінен өзгеше тұжырымдалады (пропозиция термині латынның сөзінен шыққан, логикада пайымдау, тіл білімінде сөйлем ұғымын білдіреді) [Ла- кофф 1996].

Сөйлем мағыналық түсініктің (репрезентацияның) бірлігі ретінде тұжырым сөздерден құралады. Олардың біреулері пре- дикат қызметін атқарса, екіншілері дəйектемесін (аргументін) айқындайды. Осыған орай, дəйектемелер жеке нысандармен сəйкестендіріледі, ал предикаттар олардың өзара қатынасын, қасиеттерін білдіреді. Гендерлік сөйлемде (пропозицияда) «еркек» жəне «əйел», «еркектік» жəне «əйелдік» концептілері дəлелдеме ретінде көрініс табады, мұндағы – предикат – белгілі бір жынысқа тəн белгі (əрекет, қасиет, т.б.). Мысалы: əйелдік – əйелге тəн қасиеттер (нəзіктік, сұлулық, сыпайылық, т.б.).

Гендерді концептуалдауда маңызды болып саналатын сөйлем құрылымының түрлері:

  • мəденитілдік пайымдаулар, яғни дискурстың түрлі типтері (дін, фольклор, халықтық философия, т.б.) арқылы тілде қалыптасқан гендерлектілер: афоризмдер, ұрандар, ережелер, өсиет парыздар.
  • коммуникативті мазмұнның «жасырын компонентері», яғни мəдени үлгілерді қалыптастыратын жəне вербалды қатынасты тудыратын бейвербалды абстракция.

Сөйлем сұлбасы деп нақты əрекеттер мен болжамдарды бейнелі түсіндірумен (бір құбылыс шеңберіндегі жеке ұғымды жал- пы ұғымдық деңгейге) сəйкестендіретін когнитивтік құрылымдар танылады. Сұлбаның басты белгісі – оның тұрақты сыртқы қабатының болуы. Гендер туралы түсінікті құрастыратын сөйлем сұлбасының үлгісі ретінде патриархат мəдениетінде орын алған ер- кек – субъект, əйел – объект қарама-қарсылығы жəне соған сəйкес туындаған түрлі ұқсатулардың тілдегі бейнесі көрсетіледі. Сөйлем сұлбаның негізі гендерлік таптаурындарда жатыр. Олар этномəдени ерекшеліктерге ие, яғни əр түрлі əлеуметтік, этникалық, нəсілдік топтар үшін маңызды болып саналатын сөйлемдер арқылы бері- луі мүмкін. Мысалы, орысқа тəн əйел – əлсіз (жыныс) сөйлемімен қатар əйел – қайратты деген сөйлемі де бар.

Тілдегі сөз сұлбалармен (фрейм, скрипт, сценарий) сəйкестендіріледі, сондықтан əрбір сөзді қолдану белгілі бір сұлбаның бөлшегіне сəйкес келеді немесе өзге бір сұлбаны белсенді етеді. Сөз мағынасы оның сұлбасына сəйкес анықталады (оның бойында «құрылады»). Мысалы, «жер» сөзі мен «құрлық» сөзі бір ғана жер бетіндегі телімді (учаскені) белгілеу үшін қолданылады, бірақ «жер» сөзі тік сұлбаға негізделсе (яғни жерді аспаннан ажы- рату), «құрлық» сөзі көлденең сұлбаға негізделеді (құрғақ жерді теңізден ажырату).

Сөзді сөйлеушінің ойлағанындай түсініп, қолдану үшін берілген нақты мəн-мəтінде бұл сөз қандай сұлбаға жататынын білу қажет. Мысалы, «адам» сөзі кем дегенде екі когнитивті үлгі арқылы анықталады. Бірінші үлгі тұрғысынан алғанда, ол басқа бол- мыстардан бөлектенген метагендерлік мағынаға ие болады (адам – зат, адам – жануар), екінші үлгі тұрғысынан алғанда, «еркек» сөзіне синоним бола отырып гендерлік белгіленген (маркерленген) мағынаға ие болады (жас адам – жас əйел) [Гриценко 2005, 118- 123 бб.]. Мағынаны ұғынудың когнитивтік тəсілі көпмағыналылық түсінігіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді.

Концептуалдық жүйеде əр түрлі мақсаттарға қолданылатын көптеген метонимиялық үлгілер бар. Соның ішінде категорияның бір мүшесінің немесе субкатегорияның бүтін бір категорияны бейнелендіретін үлгісін талдау арқылы гендерлік категориялау үдерісіндегі таптаурындардың рөлін түсінуге болады.

Таптаурындар қоршаған орта мен əлем жайындағы бейнелі (ментальді) түсініктердің қысқа əрі нұсқа сипаттамасы – тілдік категориялаудың құрамдас бір бөлігі. Тіл білімінде (лексика, фразео- логия, паремиология) гендерлік таптаурындарды зерттеуге арналған еңбектер аз емес. Солардың ішінде А. В. Кирилина, В.Н. Телия, И.В. Зыкова, М.С. Колесникова жəне шетелдік ғалымдар Д. Каме- рон, С. Галь, т.б. зерттеулерін атауға болады. Таптаурындардың көпшілігі шынайы болмысқа сəйкес келмесе де қолданыста жүр. Мысалы, үй шаруасындағы əйел гендерлектісі əйел-ана ұғымын қалыптастырады. Патриархаттық мəдениетте үй шаруасындағы, жұмыс істемейтін əйел-ана бейнесі ерекше дəріптелді. Аталған гендерлектіге сəйкес, үй шаруасы, бала тəрбиесі тек үйде отырған əйелге ғана тəн, ал жұмыс, үйден тыс орындалатын қызмет, табыс табу көзі ретінде түсініледі. Мысалы, үздіксіз жұмыс, уақытша жұмыс, жұмысқа шығу, жұмыстан босату, жұмысқа орналасу, т.б. Гендерлік таптаурындар бір-бірімен жəне өзара көршілес гендерлектілермен тығыз байланыса отырып, əлеуметке тəн мəдени түсініктер тізбегін құрайды. Белгілі бір категорияның мəнін білдіруге негізделген сөздердің мағынасын ұғынуда бұлардың маңызы зор. Мысалы, жалғыз басты ана таптаурыны – бұл баласын жалғыз өзі асырап, тəрбиелеп отырған əйел ғана емес, ол күйеуінен қолдау, қамқорлық болмағандықтан, баласын асырау үшін барлық материалдық қиындықтарды бастан кешіріп, соған төзе білетін əйел (танымал əртіс немесе жұлдызы жанған əншінің некесіз бала туып, оны тəрбиелеуін бұл категорияға жатқыза алмаймыз). Берілген бұл гендерлект, өз кезегінде асыраушы – күйеу туралы гендерлектімен (түсінікпен) уəжденеді. Бұл гендерлектілік тұлға, бұрынғысынша, өзекті болғанымен, қазіргі уақытта көптеген əйелдер отбасының материалдық жағынан берекесін қамтамасыз етуді еркектерден кем атқармайды. Олай болса, гендерді құрылымдайтын таптаурын- дар тек түптұлғалық белгісі бойынша ғана емес, категориялардың бір-бірімен өзара қатынасы кезінде де айқындалып отырады.

Біздің қабылдауымыздағы гендерлік ерекшеліктер көп жағдай- да шынайы мəнбір бейнесінен гөрі таптаурындық түсініктердің нəтижесі болуы мүмкін. Айталық, əйелдердің əлсіз, нəзіктігі ту- ралы жəне еркектердің қайратты, қызуқандылығы туралы таптау- рындар əсерімен жылап жатқан баланы ұл бала деп танытқанда, «ызаланып, ренжіп жылап жатыр» деген гендерлект қолданып, ал қыз бала деп танытқанда, «қорқып жылап жатыр» деген гендерлектімен сипаттайды. Таптаурындар мəдени түсініктерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге ой-пікір қалыптастырады. Дж. Лакофф категориялаудың түптұлғалық белгісі ретінде тап- таурындардан басқа да метонимиялық үлгілерді (типтік үлгілер, идеалдар, эталондар/үлгілер, т.б.) қарастыруды ұсынды [1996]. Са- налы түрде ұғынылатын, өмір ағымына қарай өзгеріп отыратын, қоғамда пікірталастар мен қайшылықтар тудыра алатын сипаты бар əлеуметтік таптаурындарға қарағанда, типтік үлгілер санадан тыс, автоматты түрде қолданылады. Олар көпшілік арасында пікірталас тудырмайды, елеулі өзгеріске түспейді.

Типтік үлгілерге жыныс өкілдерінің (біреуі арқылы екіншісінің) сырт пішіні мен мінез-құлқын бейнелейтін идиомалық тіркестерді мысалға келтіруге болады. Айталық, «еркек шора», «еркекше қимылдайды» деген гендерлектілер əйелдерге қатысты қолданылса, «қызша ұялады» деген гендерлектімен еркектерді сипаттайды, яғни еркектің де, əйелдің де жүріс-тұрысы (сыртқы пішіні, мінез- құлқы өз жынысына сай емес, типтік емес деп тұжырымдалады. Гендерлік білімді құрылымдаудың өзі қарама-қарсылардың қарсылығына негізделгендіктен типтік емес əйел бейнесі – типтік еркек, ал типтік емес еркек – типтік əйел ретінде танылады.

Гендерлік қарама-қарсылықтар өмірдің барлық саласы- нан көріне алады. Типтік еркектің бойы типтік əйелден биік, «үлкенкіші» қарама-қарсылығы еркекті əйелден ажыратып қана қоймайды, сонымен қатар əрбір категорияның ішкі құрылымында да жүзеге асып жатады. Сондықтан бойы аласа еркектер қайратсыз болып келеді, ал бойы ұзын (ірі) əйелдер дөрекі болып көрінеді. Мұны тіліміздегі гендерлектілер де нақтылай түседі.

Типтік үлгілер мен таптаурындарды бөліп көрсеткенімен, гендерлік категориялау барысында олардың барлығы бірыңғай таптаурындар қатарында қарастырылады [Гриценко 2005, 107-112 бб.]. Гендерлік түсініктер абстрактілі идеалдар арқылы да көрініс табады. Олар типтік те, таптаурындық та емес, бірақ олар тура- лы білім жиынтығы түптұлғалық ықпал ете алады. Идеалдарға сүйену арқылы сапалық белгілер, болашақ жоспарлар туралы, т.б. пікір қалыптасады. Мысалы, түптұлғалық отбасы – бұл əкесі мен шешесі балаларына қамқорлық жасайтын, балалары ата-аналарын құрметтейтін, барлығы да бақытты, бір-бірін жақсы көретін отба- сы (үлгілі жанұя). Сол сияқты əлеуметтендіру кезінде ұлдар мен қыздар мəдениетке лайықты өздерінің əлеуметтік жынысын си- паттайтын жəне белгілі бір деңгейде мұраттарға негізделген мінез- құлық, жүріс-тұрыс үлгісін меңгереді. Мұндайда бір категорияның түптұлғасы рөлін түрлі үлгідегі мұраттар атқара алады.

Гендерлік категориялардың концептуалдануы эталондар (үлгілер) негізінде жүзеге асады, яғни категориялардың жеке бір мүшелерінің идеал немесе оған қарама-қарсы бейне ретінде ерекшеленеді. Түптұлға эталондар рөлінде мифтік (əдеби), тарихи кейіпкерлермен қатар шынайы тұлғалар да бейнеленеді. Мысалы,

«донжуан» – бозбалашылық жүріс-тұрыс пен əдептілікті, əйел арын

аяққа басқан сері үлгісі, «алдаркөсе» – қу айлакер, «мырқымбай»

алды-артын ойламайтын шалағай ер адам үлгісі, т.б.

Сонымен, метонимиялық когнитивтік   үлгілер   категори- яны бейнелендіретін түптұлғалық белгілер түрінде берілсе, метафоралық үлгілер категорияның концептуалдануын мазмұндық қырынан жүзеге асырады, яғни түптұлғалық сапа мəнінде жұмсалады.

Гендерлік категориялаудың метафоралық табиғаты

Дүниенің тілдік бейнесін эвристикалық, когнитивтік тұрғыдан сипаттайтын тəсіл ретінде метафора тілдік категориялаудың маңызды өлшемі болып саналады. Бұл орайда метафора мен ген- дер өзара əрекеттес, гендер метафораның дереккөзі, əрі тақырыбы бола алады. Гендерлік метафора мəдени, əлеуметтік жəне сая- си реалийлердің концептуалдануын бейнелейді. Мəселен, қазақ мəдениетінде ана-жерана тəрізді гендерлектіні келтіруге болады.

Гендерлік категориялаудың метафоралық табиғаты (аталық- аналық бастау) жансыз заттар мен құбылыстардың санада еркектік, əйелдік белгілермен ассоциациялануы арқылы айқын көрінеді. Мұны ғалымдардың көпшілігі формалды грамматикалық тек (род) катего- риясымен байланыстыра қарайды. Дж. Розенталь зерттеулерінде пышақ/шанышқы, тұз/бұрыш, ваниль/шо- колад тəрізді сөздердің тегін (ер тегі мен əйел тегі) анықтау көзделген. Нəтижесінде тəжірибеге қатысушылар пышақ, тұз, шоколад сөздерін ер тегіне, ал бұрыш, шанышқы, ваниль сөздерін əйел тегіне жіктеп көрсеткен. Əрине келтірілген зат есімдер табиғи текке (жыныс өкілдеріне) ешбір қатысы жоқ жансыз заттарды білдіреді. Д. Камерон ілгерідегі тəжірибені талдай келіп, сөз мағынасына гендерлік белгілерді таңу мəліметтік (реляциондық) сипат береді жəне ол екі бірлікті қатар қойып теңестіру арқылы анықталады дейді. Мəселен, ағылшын тілінде сөйлеушіге salt (тұз) сөзі қай текке жатады деген сұрақ қойылса, бұл сұрақ түсінбестік тудырар еді (егер salt (тұз) пен pepper (бұрыш) салыстырылған болса, онда басқаша жағдай). Ал салыстырып теңеу үшін knife/fork (пышақ/шанышқы) сөздерінің орнына spoon/fork (қасық/ шанышқы) сөздерін алсақ, онда fork ер тегіне қатысты, ал knife/fork жұбында fork əйел тегіне қатысты таңдалғаны белгілі. Шынында, сөздің (заттың) өзінде əйелдерге не ерлерге лайықты қасиеттер байқалмайды.

Мұндай ерекшеліктер, яғни еркектік, əйелдік мəнінің басқа заттарға не құбылыстарға ауысып келуі метафоралық тек (род) болмақ.

С. Ромейн гендер мен метафораның өзара байланысын тұжырымдандыру тұрғысынан талдай отырып, формалдыграмма- тикалық тек категориясы бар тілдерде жансыз заттарды білдіретін зат есімдерді ер/əйел тегіне қарай еркін топтастырудың емін- еркіндігін құптамайтынын білдіреді. Оның дəйектемесі Ю.С. Сте- пановтың «мəдениеттегі атаулардың шығу тегі кездейсоқ емес» [1997, 68 б.] деген пікірімен сабақтасып жатыр. Тілдік таңбалардың тəуелсіздігінің, емін-еркіндігінің негізі тілдік дəстүрде. Қай халықтың тілі болса да атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп ауысып отырады. Көптеген еуропа тілдерінде жер, ел ұғымын беретін зат есімдердің формалды-грамматикалық тегі гендерлік метафора арқылы уəжделген. Мəселен, жер, ел сөздері табиғатты тұжырымдаса (жер-ана, табиғат-ана), оған сəйкес лексемалар əйел тегіне жатқызылады да, аумақ, аймақ, мемлекет мағынасында жұмсалса, ер тегіне қатысты болып келеді.

Қазақ тілінде грамматикалық тек (род) категориясы жоқ. Алай- да ілгеріде айтылған ұғымдарға (жер, ел, аймақ, т.с.с.) қатысты қалыптасқан мəдени түсініктер тілімізде ана-жерана, табиғат- ана, атақоныс тəрізді гендерлік метафоралармен бейнеленген.

«Еркектік», «əйелдік» ұғымдары метафоралық ұғымдар ретінде ауыс мағынаны білдіре отырып, екі түрлі категорияны ассоциациялай- ды, сондықтан да, семантикалық тұрғыдан екіжақты болып саналады. Метафораны атауыш сөз ретінде қолдану санада нысанның екі жағын бейнелейді: біріншісі, теңестірілетін, салыстырылатын нысан түрі, екіншісі, теңелетін нысан түрі. Бұл жағдайда теңестіру теңестірілетін нысандардың ортақ сипаты, белгісі болып отыр [Лингвистический энциклопедический словарь 1990, 296-297 бб.]. Метафоралану бары- сында антропоморфизм қағидалары, яғни адамның мəдени тəжірибесі мен сезіну əрекеті («дене метафорасы») негізге алынады.

  • теңестіру метафорасы, шынайы еркек пен əйел бейнесін қалыптастыруда теңестірілетін табиғи болмыстан берілген белсенділік/əлсіздік, интеллект/эмоция, т.б. ерекшеліктер.
  • бейнелі метафора, жынысқа тікелей қатысы жоқ, əр түрлі сипаттағы нысандар үшін қолданылады. Мысалы, еркектік ерен ерлік, əйелдік сұлулық туралы жиі айтылады, ал кейбір тарихи- философиялық еңбектерде неміс ұлтының еркектік мінезі, орыс халқының əйелдік қасиеті жайында сөз қозғалады [Кирилина 1999, 93 б.]. Мұндай жағдайларда еркектік, əйелдік қасиеттердің жыныс өкілдеріне тікелей қатысы жоқ. Бұл жердегі əңгіме еркектік пен əйел- дік ұғымдарының жыныс өкілдеріне ортақ, жалпы, кешенді белгі- лерінің бірігуі, олардың жиынтығы негізінде болып отыр. Еркектік бастау форманың, идеяның, белсенділіктің, ұсыныс-бастаманың, биліктің, жауапкершіліктің, мəдениеттің, тұлғаның (тұлға болудың), зерденің, абстрактілік ойлаудың, сана мен ақылдың, əділдіктің ба- стамасы ретінде түсіндіріледі. Ал əйелдік бастау материяның, əлсіздіктің, бағынушылықтың, табиғаттың, ұрықтанудың, сезімнің, санадан      тыс                      болудың      (бейсаналылықтың),   нақты      ойлаудың, қайырымдылықтың бастамасы деп ұғынылады. Бұл белгілерді еркек пен əйелге тəн қасиеттер ретінде түсіндіру философия үшін де, жал- пы бұқаралық таным үшін де қалыптасқан түсінік болып табылады. Жалпы алғанда, сөздің метафоралық мағынасы оның «тура мағынасынан»   туындамайды,   керісінше,   соған   сəйкес    келетін тұжырымдық                құрылымдардан,           яғни   белгілі   бір   тұжырымдық ақпараттардың көмегімен жинақталған фрейм мен сценарийлерден туындайды. Қай кезеңде болса да, еркектік пен əйелдік ұғымдарының дихотомиялық            қарама-қарсылығы    жəне                    олардың             иерархиялы құрылуы, философиялық ойлар мен тұжырымдарға тəн болып келді. Олардың бірқатары аталған ұғымдар арасындағы қарама-қарсы айырмашылықтарды     табиғи,       субстанционалды,       экзистенциалды қасиеттер ретінде қарастырды. Ал кейінгі зерттеулерде олар акциден- талды, кездейсоқтық қасиеттер деп танылды.

Көптеген тілдерде еркек пен əйел тегінің морфологиялық жəне лексикалық белгісінің (маркерінің) болуы, жансыз заттарды еркектік пен əйелдік тұрғыдан ұғыну, сондай-ақ түрлі мəдениетке тəн еркек пен əйел бастауына қатысты дүниетанымды қозғаушы негізгі күштердің өзара байланысты болуы оларды концептілік алғашқы бейне (архетип) ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Радиалды жəне кластерлік үлгілер

Гендерлік категорияларды концептуалдауда қолданылатын категориялаудың жаңа əдістері – радиалды жəне кластерлік үлгілер. Радиалды үлгілер дегеніміз – түптұлға немесе орталық мүшеден тарайтын метафоралық жəне метонимиялық ауыстырулардың концептілік тізбегі. Бұл сұлбалық сипаттауды «лексикалық желі те- ориясы» («теория лексической сети») деп те атайды, өйткені мұнда лексикалық бірліктердің мағыналары бір-бірімен желі құрап байланы- сады [Ченки 1996, 68-78 бб.]. Еркектік пен əйелдіктің таза үлгісі жоқ, ол тек сөйлемдік құрылымдар арқылы берілетін белгілі бір мəдениетке тəн гендерлік дəстүрлер мен мінез-құлық түрлерінің кешендік үлгісі. Гендерлік білімді ұйымдастырушы радиалды үлгілер гендерді мəдени- əлеуметтік құрылым ретінде танытатын когнитивтік негіздеме.

Кластерлік категория – еркектік пен əйелдік туралы əр түрлі түсініктерді, түрлі жағдайда түрлі адамдарға қатысты феноменологиялық айырмашылықтарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивтік үлгілер шоғыры. Дж. Лакофф алғашқылардың бірі болып кластерлік үлгілерді гендерлік мəнді «ана» категория- сын мысалға алып сипаттап берді [Лакофф 1996, 150 б.]. Бұл кон- цепт күрделі когнитивтік үлгілер кешенін құрылымдайды:

туу үлгісі – ана өмірге əкеледі, өмір сыйлайды; генетикалық үлгі – ана тұқым қуалаушы, тек; тəрбие беру үлгісі – ана емізеді, өсіреді;

ерлі-зайыптылық үлгісі – ана – əйел, жар;

генеологиялық үлгі – ана – шеше жағынан туыстық тек.

Назар аударатын жайт: бұл аталған үлгілердің қай-қайсысы да негізгі болып саналмайды жəне де олар басқа ұғымның субкатего- риясы да бола алмайды. Əрбір нақты жағдайда категория бір неме- се бірнеше үлгілер шоғырында анықтала алады. Мысалы:

  • Оны балалар үйінен асырап алған: ол өзінің туған анасын білмейді (туу үлгісі).
  • Ол балаларды жақсы көрмейді: оның өз баласына аналық қамқорлық көрсетуі екіталай (тəрбие беру үлгісі).

Еркектік жəне əйелдік категорияларын нақты бір терминдермен жеткілікті сипаттау əрі барлығына ортақ бірдей белгілерді көрсету (категориялардың классикалық теориясына сəйкес) мүмкін емес. Мəселен, «Ол əйел ғой» фразасы мəн-мəтіндік мағынасына қарай нəзік, əлсіз, қылымсыған, назды, т.с.с. болып ұғынылады. Мұндай мағыналық ауытқудың негізі соған сəйкесті категорияны концептуалдаудың кластерлік үлгісі болып есептеледі. Дж. Коатс еңбегінде əйелдер арасындағы əңгімеден байқалатын əйелдіктің (женственность) екі түрлі типі көрсетілген: (1) əйелдік – көрік, келбет, сымбат ерекшелігі, мұнда косметика, ерін, көз – басты өлшемдер, жақсы көріну, күтім жасау – басты мақсат, фотомодель болу – жоғары бедел, мəртебе;

  • əйелдік мінез-құлық ерекшелігі, мұнда айқындаушы белгі көзге жас алу, мысалы, «не болғанда да қалай болғанда да біздерге жылап алуға болады» сөз қолданысы əйелдерден басқаларға, яғни еркектер- ге жарамайды дегенді аңғартады. Ғалым əйел болу барлығына ортақ, бірыңғай тəжірибе деген түсініктердің қате екендігін баса айтып, түрлі мəн-мəтінде (отбасында, жұмыста) əйелдіктің түрліше орын алатынына назар аударғанды жөн санайды. Демек, əмбебап əйелдіктің болмайтыны сияқты, барлығына ортақ еркектік те жоқ [Коатс 2005]. Р. Коннел еркектіктің тілде жиі көрініс беретін доминант типтерін ажыратып берген. Олар: физикалық маскулиндік жəне техникалық маскулиндік. Физикалық маскулиндік жұмысшы табына қатысты ас- социацияланса, техникалық маскулиндік ғылыми жəне саяси ортаға байланыстырылады [Гриценко 2004, 8 б.].

Еркектік пен əйелдіктің көпқырлылығы мен құбылмалылығын (өзгергіштігін) түсіндіру категориялаудың кластерлік үлгісі арқылы мүмкін болады. Когнитивтік теория мағына туралы қазіргі түсінік- терді сана тетіктерімен байланыстыра отырып, ұғынудың маңызды, белсенді табиғатын, яғни дискурс бойындағы гендерлік мағынаны қалыптастырудың негізгі қырын ескере отырып тереңдете түсті.

Сонымен, тілде көрініс беретін дүние бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан адамзаттық тəжірибе мен ойлаудың терең мазмұнын бейнелейді. Соның ішінде еркек пен əйелге қатысты сапа- қасиеттер мен қоғамда белгіленген нормалар, бағалаулар енеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close