Қоғам

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Бүгін «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» және «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен тоғызқұмалақтан ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті.

Шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысып, шараның маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып. жас буынға сәттілік тіледі.

Жарысқа 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015, 2016-2018 жылдар аралығында туылған 200-ге жуық жасөспірімдер қатысуда.

Бұл жарыс ұлттық спорт түрін насихаттау, жас буынның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close