Спорт/Шоу-Биз

Сәкен Майғазиев-“Құрметті азамат”

Сәкен Майғазиев-“Құрметті азамат”

Сәкен Майғазиев – Созақ ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» ансамблінің солисі Сәкен Қордабайұлы Майғазиев туған жері – Түркістан облысы, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Бұл атақ оның өнер саласындағы елеулі еңбегі мен туған өлкесіне қосқан үлесі үшін берілді.

Марапат Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өткен Сәкен Майғазиевтің шығармашылық кешінде табысталды. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, өнер иесінің қазақ мәдениетін дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Сәкен Майғазиев кеш барысында көрермендерге арналған сүйікті әндерін жанды дауыста орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, «МузАРТ» триосы да кештің шырайын кіргізіп, әсем әндерімен көрермендерді қуантты.

Сәкен Майғазиевтің өнері – қазақ мәдениетінің баға жетпес байлығы!

#түркістан #құрметтіазамат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close