Спорт/Шоу-Биз

Шымкенттік полицей — жауынгерлік джиу-джитсудан Әлем чемпионы

Қазақстан Республикасының жауынгерлік джиу-джиутсудан құрама командасының мүшесі Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкері полиция майоры Ғалымжан Бақытұлы Қатбаев 2021 жылғы 10-18-қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен Азия чемпионатына 26 мемлекеттен 480 спортшы қатысып, ІІ-орынды иемденіп, командалық жалпы есепте Қазақстан Республикасы ІІ-орынды иеленді.
Сонымен қатар, полиция майоры 2021 жылғы 17-24-тамыз аралығында Украина мемлекетінің астанасы Киев қаласында өткен Әлем чемпионатының шаршы алаңында сайысқа түсті. Аталған чемпионатқа 25 мемлекеттен 250 спортшы қатысып, ІІ-жүлделі орынды жеңіп, командалық жалпы есепте Қазақстан Республикасы І-орынды жеңіп алды.


Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалым үздіксіз жауынгерлік джиу-джитсумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Көпке үлгі, 4 баланың әкесі Ғалымжан Қатбаев бос уақытын отбасы ортасында өткізгенді жақсы көреді.
Еске салсақ, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері полиция майоры Ғалымжан Бақытұлы 2018-2019 жылдар аралығында жауынгерлік джиу-джиутсудан Әлем және Азия чемпионы, әскери самбодан Әлем кубогының жүлдегері. Полиция майорын кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Ғалымжандай Әлем чемпионы Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет атқаратынына әріптестері мақтан етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close