Спорт/Шоу-Биз

Балуандар белдесті

Ордабасы ауданындағы Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінде Ордабасы аудандық «Әкелер мектебі» классикалық күрестен халықаралық чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жыл толуына орай ауданда салтанатты жиын өткізілді.

Жиында күрес өнеріне келген балуандарымызды қазақи ұлттық кімді ұлықтаған бұрымды қыздар тобы ортаға алып шығып, алаңға жайғастырды. Салтанатты жиынды ауданнан шақырылған қонақтар легі Ордабасы аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Лесбек Жүсіп, оның орынбасары Асқар Қожагелдиев салтанатты жиынды ашты. Гимн орындалып, мектеп директоры Валиев Абай Тәжіханұлы»,Ұлағат» мектебінің директоры Жантөреев Кенжебек, Шерімқұлов мектебінің директоры Ақбөпе Өмірзақ өз жүрек- жарды тілектерін жеткізді.

Нәтижесінде,, Баскетбол ойынынан І орынды С.Сейфуллин мектебі иеленеді, кір тасын көтеру жарысынан І орын С.Мұқанов мектебіне бұйырды. Сондай-ақ , арқан тарту жарысынан Қажымұқан мектебі жеңіске жетті. Қол күрес жарысынан І орынды С.Мұқанов мектебі иеленді. Құттықтаймыз!

Қазақша күрес жарысынаТемірлан ауылы,Қараспан ауылы,Төрткүл ауылы, Жеңіс ауылы,Ынталы ауылы, Қажымұқан округі, Бөген ауыл округі, Ордабасы ауылы, Төреарық ауылы, №3 интернат мектебі,Сарыарық ауылынан балуандар қатысып , Бадам аймағынан 50келі салмақта Елмұратов Мұхамеджан І орын. 46кг салмақта Әзімбай Мадияр І орын, 76кг салмақта Оразбек Нұрлыбек І орын, 35 кг салмақта Оразбек Ерсұлтан І орын, 42 кг салмақта Досымбай Заңғар І орын , 26кг салмақта Мырзагелді Саят, 65 келі салмақта Шекербек Асхат І орын иеленді. Жеңімпаздар мараппатталды. Ауданымыздағы жастар мен жасөспірім жеткіншектеріміздің бос уақыттарында барлығы спортпен шұғылданатынын көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close