Спорт/Шоу-Биз

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ФУТБОЛДАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жол картасындағы «Бұқаралық спортты дамыту», «Жастарды қолдау» бағыттары аясында «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Аширбаев Байкеннің ұйымдастыруымен қаламызда футболдан турнир басталды.

 

Халық қалаулысының айтуынша, сайысқа Шымкент қаласының бүкіл ауданынан, басқа да облыстардан жастар келіп қатысуда. Жалпы ойында 50 команда бақ сынайды. Ойын 30 күн бойы жалғасып, Тәуелсіздік қарсаңында жеңімпаздарды анықтайтын болады!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close