Без рубрики
МИРАС ЖҮГІНІСОВТІҢ АҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ІС СОТҚА КЕТТІ
Әнші Рүстем Жүгінісовке қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сот құжаттарына сәйкес, іс тамыз айынан бері қаралып келеді. Жүгінісовтің үстінен іс қозғалуына Ақтөбедегі мешітте болған даулы оқиғаға байланысты айтқан пікірі себеп болған.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде блогер қыз мешітте бейтаныс ер адам оған «бір реттік неке» ұсынғанын жариялаған еді. Осы жағдайға пікір білдірген Рүстем Жүгінісов қызды «мешітке бай іздеп барды» деп айыптаған болатын.
Әншінің бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, сотқа дейін жетті. Құзырлы органдар Жүгінісовке Әкімшілік кодекстің 453-бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап жеке тұлғаларға 20 АЕК (шамамен 78 мың теңге) көлемінде айыппұл салуды қарастырады.