Без рубрики
ҚАЙЫН АТАСЫН ҰРДЫ ДЕГЕН АЙЫППЕН СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Түркістан облысында қарт кісіні баласы ұрып-соққан сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тараған еді.

Кадрдан ер адамның әкесін ұрып, жарақат салғаны, ал қарияның қанға боялған бетімен орнынан тұра алмай қалғаны анық көрінеді. Кейін ер адам әйелін шақырып, екеуі ақсақалды сүйреп әкеткен.
Оқиғаны көршісі жасырын түсіріп, полицияға жеткізген. Құзырлы органның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оның әйелі де қылмысқа қатысы бар деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде