Без рубрики
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА 14 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің қаза табуына қатысты дерек бойынша тергеу басталған.

“Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақталды, ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті адамның кім екені бірден анықталды. Қазір полицейлер оны қолға түсіру үшін жедел шаралар атқаруда», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Құзырлы органдар болған оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл іс полиция басшылығының ерекше назарында екені айтылды.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген ер адамды ұстағанын хабарлады.
«Қылмыс жасаған соң күдікті қашуға талпынған, бірақ ол дереу құрықталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жалғасуда», – деп қосты полиция.



