Білім

АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен айтыс өнерінің өресіне шыға білген айтыскер ақын, сазгер Оңтүстіктің ару ақын қызы Ақмарал Леубаевамен «Өнердің алтын алқасы» атты кездесу кеші өтті.

Ақынның өлеңдері жатқа айтылып, сазгердің әндері шырқалып, айтыс өнерінен үзінділер көрсетілді. Ақынның балалық шағынан бастап әрбір өнер жолына жеке тоқталып слайд көрсетілді. Қойшыбай Ырысай, Төлеген Олжас, Дайрабаева Махаббат, Мұратбек Әмина сазгердің әндерін нақышына келтіре орындап З.Исабеков атындағы жалпы орта мектептің кітапханашысы Тұрабаева Жамиля «Ақ бұлттар арасында» әнін өте жоғары деңгейде орындап ақынның ризашылығына бөленді. Көрермендер сұрақтар қойып ақынның жауабына ризашылықтарын білдірді, қонақкәде сұрап ақын әрбір көрерменге арнау айтты. Кеш өте әсерлі өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close