Без рубрики
ЕСКІ ҮЛГІДЕГІ 2000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҚТЫ
24 маусымнан бастап ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың ресми айналыс мерзімі аяқталды. Енді бұл ақшалармен дүкендерде, сауда орындарында және басқа да төлем жасау орындарында есеп айырысу мүмкін болмайды.

Ұлттық банк бұған дейін 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Сақ стилі» сериясындағы жаңа 2000 теңгелік банкноталарды айналымға кезең-кезеңімен енгізген болатын. Осы уақытқа дейін ескі және жаңа үлгідегі ақшалар қатар қолданылып келді.
Енді ескі банкноталар заңды төлем құралы мәртебесінен айырылды. Дегенмен, қолында ескі үлгідегі 2000 теңге қалған азаматтар оларды жоғалтып алмайды. Ұлттық банктің мәліметінше, ескі банкноталарды алдағы үш жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде жаңа үлгідегі ақшаға тегін айырбастауға болады.
Мамандар тұрғындарға қолма-қол ақшаларын тексеріп, ескі үлгідегі банкноталарды уақытында ауыстырып алуға кеңес береді.



