Без рубрики

СНЕЖАНА ҚАШҚАРОВА АЗИЯНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНЫ

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты додада Қазақстанның 15 жастағы спортшысы Снежана Қашқарова ерекше нәтиже көрсетіп, бірден бес алтын медаль иеленді.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жұлқа көтеруде 88 келі, серпе көтеруде 112 келі нәтижесін көрсетті. Қоссайыс қорытындысында оның жалпы нәтижесі 200 келіні құрады.

Снежана Қашқарова осы нәтижелері арқылы U17 және U20 санаттарында үздік атанды. Сонымен қатар жас спортшы жарыс барысында бірден алты рекордты жаңартты. Оның үшеуі – Азия рекорды болса, тағы үшеуі – әлемдік рекорд.

Осылайша, 15 жастағы қазақстандық спортшы құрлық чемпионатында өз салмағында абсолютті чемпион атанып, Қазақстан қоржынына бірнеше алтын медаль салды.

Снежананың бұл жетістігі отандық ауыр атлетиканың жас буыны үшін маңызды нәтиже саналады. Жас спортшының халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуі оның алдағы жарыстардағы мүмкіндігін де айқындай түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Снежана Қашқарова Қазақстан чемпионатында да жоғары нәтиже көрсеткен. Мамыр айында Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде ол 58 келі салмақта 203 келі (88+115) нәтижесімен жеңімпаз атанған.

Қазақстандық спортшыны жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close