Без рубрики
АЛМАТЫ – ҚОРҒАС ТАСЖОЛЫНДАҒЫ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК АПАТ: БІР ОТБАСЫНЫҢ ҮШ АДАМЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Алматы – Қорғас тасжолында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде 40 жастағы ерлі-зайыпты мен олардың 20 жастағы қызы оқиға орнында қаза тапқан. Көлікте марқұмдардың тағы екі баласы мен 10 айлық немересі де болған. Абырой болғанда, олар аман қалғанымен, түрлі дене жарақаттарын алып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.
Туыстарының айтуынша, отбасы отырған көлікке қарсы бағытқа шыққан мас жүргізуші соқтығысқан. Сондай-ақ күдіктінің құқық қорғау органдарымен байланысы бар екені айтылуда.
Қаза тапқандардың жақындары істің әділ әрі ашық тергелуін талап етіп отыр. Олар кінәлі адамның жазадан құтылып кетпеуін сұрайды.
Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.



