Без рубрики

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

«Әділет» партиясы қазақстандықтар үшін жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар бірнеше минут ішінде онлайн форматта өтініш жолдап, ұсыныс білдіріп, өз мәселесі туралы хабарлай алады немесе партия қатарына қосылуға өтініш бере алады.

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді.

Жаңа сервис азаматтар мен партия арасындағы байланысты жеңілдетуге және өтініштерді жедел қабылдауға бағытталған. Платформа арқылы пайдаланушылар түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстарын жолдап, қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Партия өкілдерінің айтуынша, цифрлық жүйе халықпен кері байланысты күшейтіп, қоғамдық сұраныстарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close