Без рубрики

15 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ ӘЛЕМДІК РЕКОРД ОРНАТТЫ

Қазақстандық жас ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекордтың авторы атанды.

15 жастағы спортшы 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жалпы есепте 348 келіні еңсеріп, қарсыластарынан басым түсті. Ол жұлқа көтеруде 155 келі, ал серпе көтеруде 193 келіні бағындырды.

Осылайша Нұржан Жұмабай серпе көтеру жаттығуында өз жас санатындағы спортшылар арасында 193 келі көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Қазақстандық зілтеміршінің бұл жетістігі ел қоржынына алтын медаль ғана емес, халықаралық аренадағы тағы бір тарихи рекордты да сыйлады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close